21.12.2022

Басты бет / ЖАҢА ЖЫЛДАН БАСТАП “МТҚ” АҚ SYNAQ ЖОБАСЫН ІСКЕ ҚОСАДЫ

ЖАҢА ЖЫЛДАН БАСТАП “МТҚ” АҚ SYNAQ ЖОБАСЫН ІСКЕ ҚОСАДЫ

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ («МТҚ» АҚ) жаңа SYNAQ интернет-порталының іске қосылғаны туралы хабарлайды. Портал 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолжетімді болады.

SYNAQ «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне сынақтар жүргізу бойынша қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған. Порталда жұмыс істеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының (ҚР ҰКО) заңды тұлғаға арналған тіркеу куәліктері қажет. Енді өтініш берушілер сынаққа өтініш берген кезде, электрондық құжаттарды қоса тіркей алады, сынақтардың мәртебесін бақылап, ең соңында электрондық хаттаманы ала алады.

SYNAQ пайдалану бойынша толығырақ ақпаратты және бейне нұсқаулықты https://www.youtube.com/watch?v=xxwFJMbuqYQ сілтемесі бойынша алуға болады.

Қосымша: порталдың пайдаланушысы болу үшін барлық қажетті құжаттарға қол қою және оларды келісу мақсатында заңды тұлғаның ЭЦҚ болуы және тіркеу рәсімдерінен өтуі қажет. Өтініш берушілерге ыңғайлы болу үшін жіберілген өтінімдер мен сұрау салулардың мәртебелерін көрсету, сондай-ақ мәртебесінің өзгергені туралы электрондық поштаға хабарламалар алу көзделген, бұл өтініш берушілердің хабардарлығын арттырады, сондай-ақ бизнес-процестің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Жаңалықтар