Басты бет / Интернет-трафик алмасу нүктелері
Интернет-трафик алмасу нүктелері
«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының Интернет-трафик алмасу нүктелерін сүйемелдеуді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының 16 өңірінде ИТАН ұйымдастыру жоспарлануда.
ИТАН мақсаттары:
- Интернет желісінің қазақстандық сегментінің максималды байланыстылығын қамтамасыз ету;
- коммерциялық байланыс арналарын сатып алуға бюджет қаражатының шығынын азайту және оның жұмыс істеу сенімділігі мен тұрақтылығын арттыру үшін мемлекеттік органдардың аса танымал ақпараттық жүйелерінің трафик алмасу нүктелеріне қосылуға мүмкіндік беру;
- ішкі Интернет-ресурстар үшін Интернет трафик беру бағдарын қысқарту және жүктемені Қазақстан Республикасының қалалары бойынша бөліп, олардың қолжетімділігін арттыру.
Сүйемелдеу:
- «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 Заңына;
- «Қалааралық және халықаралық байланыс операторлары желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы № 65 бұйрығына;
- «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V Заңына сәйкес жүзеге асырылады