Басты бет / Жалпы мәліметтер

Жалпы мәліметтер

Қоғам қызметінің мақсаты

Қазақстан Республикасы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының және ақпараттық кеңістігінің ақпараттық қауіпсіздігін қалыптастыруда, оны қамтамасыз ету мен дамытуда жәрдемдесу.

Миссия

Қоғам – Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің технологиялық өзегі.

Негзігі қызмет түрлері

Қоғам мемлекеттік монополияға жатқызылған мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

Ақпараттандыру саласында

1) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және «электрондық үкімет» электрондық поштасының бірыңғай шлюзін қолдап отыруды;

2) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізу;

3) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне келісу;

4) инвестициялық ұсыныстың және бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу;

5) жоғарғы деңгейдегі қазақстандық домендік аттарға қызмет көрсететін домендік аттар серверлерінің істен шығуға төзімділігін мониторингтеу;

6) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының телекоммуникациялар желілерін адрестеу және нөмірлеу жоспарларын әзірлеуді қолдап отыру;

7) ақпараттық жүйелердің және мемлекеттік органдардың телекоммуникациялар желілерінің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді анықтау, талдау және болғызбау бөлігінде ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу бойынша жұмыстар;

8) Ақпараттық қауіпсіздікті Ұлттық үйлестіру орталығының келесі міндеттерін және функцияларын іске асыру:

9) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелерінде ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне, иеленушілеріне және пайдаланушыларына жәрдемдесу;

10) ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі мәселелері бойынша ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

11) ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарының «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріндегі және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның басқа да аса маңызды объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратын жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асыру;

12) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық жүйесін техникалық қолдап отыруды жүзеге асыру;

13) ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтары мен Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы арасындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу тәртібін әзірлеуге қатысу;

14) ақпараттандыру объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпарат алынған жағдайларда Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына дереу хабарлау;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізе отырып, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің, Интернеттің қазақстандық сегментінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, қорғалуы мен қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мониторингі мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

16) Ұлттық ақпараттық қауіпсіздік үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі жүйесі арқылы «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асыру;

17) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының мониторингін жүзеге асыру;

18) Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электрондық ақпараттық ресурстарды сақтайдың бірыңғай ұлттық резервтік платформасын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарын резервтік көшірудің мерзімділігін белгілеу;

19) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі жүйесін ұйымдастырушылық және техникалық қолдап отыруды жүзеге асыру;

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында:

1) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйелерін, сондай-ақ халықаралық түйісу нүктелерін техникалық қолдап отыру;

2) Қазақстан Республикасының аумағында қалааралық және халықаралық байланыс операторларының интернет-трафигімен алмасу нүктелерін ұйымдастыру мен техникалық қолдап отыруды, сондай-ақ қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосуды жүзеге асыру;

3) ақпараттық қауіпсіздікті куәландырушы орталығын ұйымдастыру мен техникалық қолдап отыруды іске асырады.