Басты бет / Тарих

Тарих

2008

2008 жылғы 17 сәуірде ҚР Үкіметінің қаулысымен «елекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды, ол ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігін кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы етіп айқындады.

2013

2013 жылғы 28 қаңтарда ҚР Үкіметі «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны деп қайта атау туралы және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалуына шешім қабылдады (Үкіметтің «Мемлекеттік техникалық қызметтің кейбір мәселелері туралы» 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 49 қаулысы).

2014

МТҚ» РМК-ға ҚР Негізгі куәландырушы орталығы (НКО), ҚР Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО), ҚР мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы (МО КО), ҚР сенімді үшінші тарапы (ҚР СҮТ) сияқты куәландырушы орталықтарды дамытуды және сүйемелдеуді қамтамасыз ету бойынша қызмет түрлері берілді. Тиісінше, мемлекеттік монополияға ашық кілттер инфрақұрылымы саласы да кірді.

2016

Байланыс саласындағы реттеушінің тапсырмасы бойынша «МТҚ» РМК ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірлерді көшіру жүйесін (MNP) құру бойынша жобаны іске асырды, соның арқасында Қазақстан халқы ұялы нөмір өзгермеген кезде ұялы операторды таңдай алды.2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты ақпараттық жүйелердің істен шығуға тұрақтылығы мен қорғалуын арттыру, желілік инфрақұрылымды қорғау функцияларының сәйкестігін бағалау, сондай-ақ бастапқы кодтың қателері мен осалдықтарының санын азайту болып табылады.

2017

ҚР ҰҚК «МТҚ» РМК-ны мемлекеттік басқару органы болып белгіленді. Сондай-ақ, KZ-CERT қызметін, «электрондық үкіметтің» қауіпсіздік мониторингі қызметін және телекоммуникация желілерін басқаруды біріктіретін ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы құрылды.

2018

Байланыс, ашық кілттер инфрақұрылымы саласындағы қызмет түрлері алынып тасталды, бұл АҚ-ны қамтамасыз ету мәселелерінде «МТҚ» РМК-ның тар мамандану қажеттілігіне байланысты. Радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жүйесін сүйемелдеу және азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электрмагниттік үйлесімділігін есептеу бойыншаі қызмет жаңадан құрылған «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК-ға өтті. Ашық кілттер инфрақұрылымын сүйемелдеу қызметі «ҰАТ» АҚ-ға берілді. Нәтижесінде, «МТҚ» РМК ақпараттандыру саласындағы және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған қызмет түрлерін жүзеге асырады.

2019

АҚҰҮО-ның талдамалық жүйесі құрылды және енгізілді, ол мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың телекоммуникация желілеріне және АКИАМО иелеріне қатысты қатерлерді анықтаудың тиімділігін арттырды. Трансформациялаудың негізгі кезеңі аяқталды, мынадай жұмыс түрлерін қамтитын: АҚ қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың тиімділігін арттыру үшін АҚ саласындағы уәкілетті органдардың «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің АҚ жай-күйі туралы хабардар болуын арттыруға мүмкіндік берген «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің АҚ қамтамасыз ету мониторингі. Байланыс операторларының абоненттері бойынша деректерді жүйелеу үшін IP каталогы іске қосылды, мекенжайы https://catalog.sts.kz. ИҚБШ/ЭПБШ/ИТАН техникалық сүйемелдеу шеңберінде өтінімдерді есепке алу жүйесі әзірлен ді және енгізілді https://support.sts.kz

2020

Егер Сіздің бізде жұмыс істеуге ниетіңіз болса, түйіндемеңізді info@sts.kz электрондық мекенжайына жіберіңіз, біз оны міндетті түрде қарастырамыз және бос орын пайда болған кезде Сізді іріктеу рәсімдерінен өтуге шақырамыз.