12.10.2022

Басты бет / ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТ ОКРУГІНІҢ САЙТЫ КИБЕРШАБУЫЛДАРҒА ҰШЫРАДЫ

ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТ ОКРУГІНІҢ САЙТЫ КИБЕРШАБУЫЛДАРҒА ҰШЫРАДЫ

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ  KZ-CERT ұлттық компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі (бұдан әрі – KZ-CERT) өткен айда Қазақстан Республикасындағы Митрополит округінің сайтына шабуыл жасалғанын, оның нәтижесінде сайт бұзылғанын хабарлайды.

Сайттың жұмысы қалпына келтірілді, алайда оның жұмысы ұзақ уақытқа тоқтатылғаны тұрақты пайдаланушылардың алаңдаушылығын туғызды. Mitropolia.kz-те 12 жылғы жұмыс кезеңінде жинақталған және маңызды мұрағаттық құндылығы бар  контенттің үлкен саны қамтылған. Сайттың аудиториясын Қазақстанда, сондай-ақ оның аумағынан тыс орналасқан мыңдаған интернет-пайдаланушылар құрайды.

Mitropolia.kz сайты шабуылдың осындай түріне төтеп бере алмаған хостинг-провайдердің интернет-ресурсында ораналасқан.

 Осыған байланысты, хакерлік шабуылдың қайталану ықтималдығы жоғары болғандықтан, Православие Шіркеуінің Басшысы митрополит Александр қатердің көзін анықтау және интернет-ресурстың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажет шаралар қабылдау өтінішімен «МТҚ» АҚ-ға жүгінді.

Бүгінгі күні KZ-CERT мамандары интернет-ресурстың иеленушісі мен хостинг-провайдерге интернет-ресурстың қауіпсіздік деңгейін  арттыру және  ұқсас ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне жол бермеу жөнінде ұсынымдар жолдады. ИР қазіргі сәтте «МТҚ» АҚ-ның  Anti-DDoS жүйесінің қорғауымен жұмыс істеуде.

Жаңалықтар