30.09.2022

Басты бет / АСТАНАДА АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КОНСУЛЬТАТИВТІК ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ӨТТІ

АСТАНАДА АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КОНСУЛЬТАТИВТІК ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Бүгін елдің мемлекеттік органдарының қатысуымен «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-ның Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы (АҚҰҮО) ұйымдастырған Консультативтік үйлестіру кеңесінің (КҮК) ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кезекті XI-отырысы өтті.

 

Отырыс барысында ақпараттық қауіпсіздікті (АҚ) қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік, квазимемлекеттік органдардағы АҚ жай-күйі, сондай-ақ АҚ саласы заңнамасындағы жаңа енгізілімдер мен АҚ қатерлеріне/инциденттеріне әрекет ету мәселелері талқыланды.

 

Іс-шараға мемлекеттік органдардың 32 өкілі, соның ішінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қатысты.

 

Естеріңізге салайық, КҮК өткен отырысы ағымдағы жылғы 29 маусымда өткізілді.

 

Анықтама: АҚҰҮО-ның Консультативтік үйлестіру кеңесі 2019 жылдың маусымында құрылды.Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және Қазақстан Республикасының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалуының талап етілетін деңгейін қолдап отыру үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бейінді мамандары санынан қалыптастырылды.

Жаңалықтар