10.09.2021

Басты бет / МТҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЛАҢҒА ШЫҚТЫ

МТҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЛАҢҒА ШЫҚТЫ


Биылғы жылдың тамыз айында бейнеконференция байланысы форматында жыл сайынғы CNCERT конференциясы өтті. Іс-шараның негізгі тақырыбы – ауқымды іс-шаралар өткізілген кезде қауіпсіз цифрлық кеңістікті қамтамасыз ету, сондай-ақ киберқауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.


«МТҚ» АҚ KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің қызметкері «Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне әрекет ету және халықаралық ынтымақтастық» тақырыбы бойынша баяндамамен сөз сөйледі.


Спикер 2020 жылдың ұқсас кезеңінің деректерін салыстырып, АҚ бойынша инциденттердің 2021 жылғы 1-жартыжылдықтағы статистикасын көрсетті және KZ-CERT күн сайын шетелдік серіктестерден C&C-серверлері туралы ақпарат алатынын, сондай-ақ «Спам таратушылардың тізбесін» апта сайын қалыптастырып, ол меморгандарға, квазимемсекторға, АКИАМО жіберілетінін және KZ-CERT ресми сайтында (cert.gov.kz/services/feedback) жарияланатынын атап өтті.


Конференцияда Қытай, БАӘ, Пәкістан, Ресей, ОАР, Австралия және Индонезия өкілдері сөз сөйледі. Сонымен қатар, қатысушылар ірі спорттық іс-шаралар өткізілген кезде өздері тап болған фишингтік шабуылдарға байланысты кейстерді көрсетті. Бұдан басқа, Alibaba Group бас талдаушысы бұлтты технологияларды қорғаудың 4 кезеңі туралы (тәуекелдерді айқындау, дайындалу, айқындау мен әрекет ету) ақпаратпен бөлісті.


Іс-шараның қорытындылары бойынша CNCERT Annual Conference 2021, CNCERT ұйымдастырушылары сөз сөйлегендері үшін қатысушыларға алғысын білдіріп, барлық әлемнің ақпараттық кеңістігін қорғаудағы нәтижелі ынтымақтастыққа үміттенетінін айтты.

Жаңалықтар