1.06.2021

Басты бет / Disney қазақстандықтарға «сыйлықтар» беруге уәде етуде

Disney қазақстандықтарға «сыйлықтар» беруге уәде етуде

Disney қазақстандықтарға «сыйлықтар» беруге уәде етуде


Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында қазақстандықтар арасында мессенджерлерде әлемдегі ойын-сауық индустриясының ірі медиаконгломераты – The Walt Disney Company (бұдан әрі – Disney) атынан «Балаларды қорғау күніне арналған сыйлық! Сауалнама арқылы сіздің ақша алу мүмкіндігіңіз бар» тақырыбында ұтыс өткізу туралы алаяқтық сілтемелер тарала бастады.


Пайдаланушылар жаппай Disney атынан сұраулық жүргізу туралы жалған ақпараты бар сілтемелерді алуда, одан кейін оларды кепілдендірілген ұтыс күтіп тұрғаны айтылады. Бұдан соң ұтысты алу үшін пайдаланушыға WhatsApp мессенджерінде «достармен бөлісуді» ұсынады. Жоғарыдағы рәсімдерден өткеннен кейін пайдаланушы түрлі фишингтік интернет-ресурстарға бағытталады, пайдаланушы ол жерде көрсетілген байланыс нөміріне хабарласқанда оның ұтысын растайтын аудиохабарламаны тыңдайды, содан кейін оған онымен байланысу үшін «жеңімпаздың» нөмірін қалдыруын сұрайды.


KZ-CERT ескертеді: мессенджердегі контактілерге күмәнді сілтемелерді тарата отыра, сіз зиянкестерге алаяқ интернет-ресурстарды тартатуға көмектесесіз және жақындарыңызды киберқауіпке ұшыратасыз.


Жоғарыда айтылғандарды қабылдай отыра, браузердің мекенжай жолындағы домендік атауға назар аударуыңызды сұраймыз, сондай-ақ күмәнді интернет-ресурс анықталған жағдайда, мына байланыс контактілері бойынша KZ-CERT мамандарына хабарласа аласыз:
• Telegram-чат https://t.me/kzcert;
• Электрондық мекенжай: incident@cert.gov.kz.
• мына сілтеме бойынша: https://cert.gov.kz/notify-incident «инцидент туралы хабарлау» нысаны;
• тегін байланыс нөмірі 1400 (тәулік бойы)
 

Жаңалықтар