13.02.2024

Басты бет / Баспасөз парағы

Баспасөз парағы

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша енгізілген өзгерістерге сәйкес 2024 жылғы 11 ақпаннан бастап «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізудің жаңа тәртібі күшіне енді.

Негізгі өзгерістердің бірі – Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі-ҚР ЦДИАӨМ АҚК) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың нәтижелері бойынша актіні бермейтіні.

 Енді «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу үшін келесі шарттардың орындалуы қажет:

  • тәжірибелік пайдаланудың дұрыс аяқталуы;
  • ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың оң нәтижелері бар сынақтар хаттамаларының болуы.

Сонымен қатар, «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ (бұдан әрі-МТҚ) ақпараттандыру объектілеріне жүргізетін сынақтардың тәртібі өзгерді. «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  14-бабы 7-тармағының жаңа редакциясына сәйкес бұдын былай МТҚ мемлекеттік орган меншік иесі (иеленуші) және (немесе) тапсырыс беруші болып табылатын  ақпараттандыру объектілерінің сынақтарын жүргізеді.

Заңның 7-1-бабының 14-1-тармағына сәйкес ҚР ЦДИАӨМ АҚК-нің «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге қатысу құзыреті сақталатынын атап көрсеткен маңызды.

Заңнамадағы өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ бұйрығымен бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларына тиісті түзетулер енгізілуде.

Өзгерістер туралы толығырақ жаңа Бұйрық бекітілгеннен кейін хабарланатын болады.

Жаңалықтар