12.10.2023

Басты бет / Telegram-да аккаунттарды қорғау бойынша берілетін ұсынымдар

Telegram-да аккаунттарды қорғау бойынша берілетін ұсынымдар

Ықтимал тәуекелдерді азайту үшін Telegram пайдаланушыларының аккаунттарын бұзу жағдайларының таралуына байланысты KZ-CERT келесі ұсынымдарды ұстануға шақырады:

  • Telegram баптауларында бас және кіші әріптерді, сандарды және арнайы таңбаларды, бірегей құпия сөздерді біріктіру арқылы көп факторлы аутентификацияны пайдаланыңыз;
  • Күдікті сілтемелерді ашудан және белгісіз ресурстарда есептік жазбаларды енгізуден аулақ болыңыз. Егер сіз белгісіз жіберушіден немесе өзін Telegram немесе басқа қызметтің өкілі ретінде таныстырған адамнан хабарламаны немесе сілтемені алған болсаңыз, оны басуға немесе деректеріңізді енгізуге асықпаңыз;
  • Қауіпсіз қосылуды пайдаланыңыз және қауіпсіз Wi-Fi немесе VPN арқылы қосылыңыз;
  • Өз бағдарламалық қамтылымыңызды жаңартыңыз, қосымшалардың және операциялық жүйенің соңғы нұсқаларын орнатыңыз;
  • Өз сим-картаңызға мұқият болыңыз және оны бөгде адамдарға бермеңіз;
  • Аккаунттардың құпиялылық параметрлерін тексеріңіз және баптаңыз;
  • Белгісіз адамдардан келген хабарламаларды елемеңіз;
  • Маңызды ақпараттың резервтік көшірмелерін үнемі жасап отырыңыз;
  • Өз аккаунттарыңызды пайдаланғаннан кейін бөтен құрылғыларда бастаған сессияларыңызды аяқтаңыз;
  • Аккаунттардағы белсенді сессияларды үнемі тексеріп отырыңыз.

Бұған дейін Kcell компаниясының АҚ жөніндегі маманы АҚ қоғамдастығын (https://t.me/certkznews чаты) Кселл желісінде осалдықтарды тексеру нәтижелері бойынша аккаунттарды «ұрлаумен» байланысты осалдықтар анықталмағаны туралы хабардар еткен болатын.

«Біз пайдаланушыларға күрделі парольмен екі факторлы аутентификацияны қолдануды ұсынамыз», – деп қосты ол.