25.10.2022

Басты бет / КИБЕРШАБУЫЛДАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ AKORDA.KZ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ ҚОЛЖЕТІМСІЗ БОЛДЫ

КИБЕРШАБУЫЛДАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ AKORDA.KZ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ ҚОЛЖЕТІМСІЗ БОЛДЫ

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ бүгін ұзаққа созылған кибершабуылдардың орын алғанына байланысты akorda.kz интернет-ресурсы қолжетімсіз болғанын хабарлайды.
Алғашқы шабуылдар әрекеттері 24 қазанда кешкі уақытта тіркелді. Азаматтардың ресурсқа жаппай жүгінуі де бұл жағдайға ықпал етуі мүмкін.

Қазіргі уақытта «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ техникалық мамандары «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы» РМК-мен бірлесіп интернет-ресурсқа қолжетімділікті қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жүргізуде, сондай-ақ инцидентті тергеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Жаңалықтар