28.09.2022

Басты бет / КАЗНЕТ ХАКЕРЛЕР ШАБУЫЛЫНА ҰШЫРАДЫ

КАЗНЕТ ХАКЕРЛЕР ШАБУЫЛЫНА ҰШЫРАДЫ

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ («МТҚ» АҚ) бірнеше күн бойы интернеттің қазақстандық сегментіне кибершабуылдар жалғасып жатқанын хабарлайды. Мақсатты кибершабуылдар еліміздің мемлекеттік органдарына да, Казнеттің инфрақұрылымына да бағытталған.

 

Кибершабуылдардың салдарынан интернетке қосылудың кешігуі байқалады. «МТҚ» АҚ ұзақ уақытқа созылған кибершабуылдар елде және әлемде болып жатқан әлеуметтік оқиғалармен байланысты деп болжайды.

 

Егер сіз ақпараттық қауіпсіздік инцидентіне тап болсаңыз, біздің мамандарға 1400 (тәулік бойы) ақысыз нөмірі бойынша хабарлауды немесе https://t.me/kzcert telegram-чатқа өтінім жіберуді сұраймыз.

Жаңалықтар