5.03.2022

Басты бет / 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Көктемнің тамаша мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Табиғат аруларға теңдесі жоқ сұлулық пен даналықты, мейірім мен таңғажайып шыдамдылықты дарытты.

Өмірдің сан қилы соқпағына қарамастан, Сіздер кәсіби және қоғамдық қызметте табысқа қол жеткізесіздер, сонымен қатар отбасының берекесін үйлесімді сақтап, бала тәрбиесін естен шығармай, жас және әдемі болып қала білесіздер.

Сіздердің сарқылмас күш-қуаттарыңыз, жан нәзіктігі мен шексіз адалдықтарыңыз ерлерді ұлы істерге жетелейді. Осыған байланысты табиғат Сіздерге – ана болу мен ұрпақ жалғастыру қасиетін дарытты.

Осындай көктемнің алғашқы күні Сіздерге күлкі, тамаша мерекелік көңіл-күй, отбасылық бақыт, амандық, Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға денсаулық тілейміз!

Әрқашан да сүйкімді, нәзік және сүйікті болыңыздар!

Жаңалықтар