2.04.2013

Басты бет / НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОЛИМПИАДАСЫ БАСТАЛДЫ!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОЛИМПИАДАСЫ БАСТАЛДЫ!

«Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК Қарағанды мемлекеттік техникалық университетімен бірігіп 3-4 курс студенттері және магистранттарының назарын аударады және жоғарғы оқу орындары арасындағы «Ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік және радиотехника» атты студенттік олимпиадасына тіркелу басталғанын хабарлайды.

Қалаушылар тіркелу рәсімдерін ағымдағы жылдың 2-4 сәуір аралығында http://olimpiada.ctsat.kz сайтында өтінім беру арқылы өтуге болады. Осы сайтта қызықтыратын сұрақтарға жауап таба аласыз.

Олимпиадаға қатысу ақысыз.

Жарыс жеңімпаздарын бағалы жүлделер күтуде – смартфондар мен планшеттердің танымал модельдері.

Өзіңе сен! Жарысқа қатысып, олимпиаданың жеңімпазы атан және «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК-на жұмысқа орналасуға мүмкіндік ал!

Жаңалықтар