12.03.2024

Басты бет / «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ мен Әзірбайжанның Арнайы байланыс және ақпараттық қауіпсіздік қызметі

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ мен Әзірбайжанның Арнайы байланыс және ақпараттық қауіпсіздік қызметі

Қазақстанның «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ мен Әзірбайжанның Арнайы байланыс және ақпараттық қауіпсіздік қызметі Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Осы Келісімге қол қою 11 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Әзірбайжан Республикасына ресми сапары барысында Мемлекет басшылары арасындағы келіссөздер аясында өткенін атап өтеміз.

Өзара түсіністік туралы меморандумның мақсаты елеулі оқиғалар болған жағдайда тиісті жауап әрекеттерін жасау үшін киберқауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында күш-жігерді, техникалық және адам ресурстарын шоғырландыру және біріктіру үшін ведомствоаралық ынтымақтастық пен қатысушылар арасындағы қатынастарды орнату болып табылады.

Осы Меморандумға қол қою Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы ақпараттық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық әріптестікті көрсетеді. Екі тарап та бұл бастама қауіпсіз цифрлық ортаны қамтамасыз ету үшін өзара түсіністік пен ынтымақтастықты тереңдететініне сенім білдіреді.

Жаңалықтар