7.03.2024

Басты бет / Қазақстанның ақпараттық және киберқауіпсіздінде тұрған нәзік жандар

Қазақстанның ақпараттық және киберқауіпсіздінде тұрған нәзік жандар

Қазақстан, көптеген басқа елдер сияқты, технологиялық өзгерістер толқынын бастан кешуде және әйелдер бұл өзгерісті қалыптастыруда маңызды рөл атқарып келеді. Ақпараттық технологиялар, ақпараттық және киберқауіпсіздік саласында әйелдер индустрияның дамуына және цифрлық кеңістіктерді қорғауға үлес қоса отырып, өздерінің әлеуетін көрсетеді. 

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының статистикалық деректеріне сәйкес 2023 жылдың төрт тоқсаны қорытындысы бойынша телекоммуникация, ақпарат, байланыс, ақпараттық технологиялар (IT) және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласында 105 мыңнан астам әйел жұмыс істейді.

Алайда, соңғы жылдары Қазақстанның ақпараттық және киберқауіпсіздік, IT және АКТ секторлары алуан түрлі және инклюзивті бола бастады, және бұған әйелдердің қосқан үлесі аз емес. Олар бағдарламашы, деректерді талдаушы, АҚ маманы, интерфейс дизайнерлері және жоба менеджерлері ретінде жұмыс істейді. Шығармашылық және кәсіби дағдыларымен олар инновациялық шешімдерді әзірлеуге белсенді қатысады.

Компьютерлік инциденттерге ұлттық әрекет ету қызметінің бас талдаушысы Рахима Кунбалаева

– Табысты кибершабуыл жоспарын әзірлеу ұйымдар мен елдердің қауіпсіздігіне әсер ететін факторлардың кең ауқымын талдай алатын инновациялық, икемді және стратегиялық ойлауды қажет етеді. Бұл осы саладағы шығармашылық, жасампаздық пен икемділіктің жыл сайын артып жатқан маңыздылығын көрсетеді. Кибершабуылдар киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету тек дұрыс таңдалған бағдарламалық қамтылымды орнатумен және қолданумен шектелмейтінін растайды. Тиімді қорғау әртүрлі тәсілдер мен әртүрлі көзқарастарды қажет етеді. Бұл ретте қызметкердің әйел адам не ер адам болуы емес, оның жеке қасиеттері мен кәсіби дағдылары маңызды болады – деді бас талдаушы.

Қазіргі таңда белгілі бір кәсіпте тек әйел адам немесе тек ер адам жұмыс істеуге тиісті деген бұлыңғыр стереотиптік ойлар бар. Солай болғанның өзінде ақпараттық және киберқауіпсіздік саласында әйелдер де жетекші орын алатынын атап өтуге болады. Әйелдердің қауіптерді талдау, қорғау стратегияларын әзірлеу және кибершабуылдарға әрекет ету сияқты қабілеттері оларды ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін топтардың ажырамас бөлігі етеді. Әйелдер жұмысының арқасында цифрлық кеңістік барлық пайдаланушылар үшін қауіпсіз және сенімді болады.

– Киберқауіпсіздік саласында жұмыс істейтін әйелдердің аз санына әсер ететін өзара байланысты екі негізгі стереотип бар: техникалық дағдылармен және техниканың өзімен ер адам айналысу керек деген көзқарас және  киберқауіпсіздік ең алдымен тек техникалық сала деген идея. Бұл екі қисынсыз стереотип әйелдердің осы салаға келуіне кедергі келтіреді, өйткені оларды осы салада білім алуға ынталандырмайды және олар киберқауіпсіздік саласында биік мансапқа әкеле алатын мүмкіндіктерден айырылады. Зерттеулер ерлер мен әйелдердің математика мен жаратылыстану ғылымдарына (тіпті вербалды қабілеттерге) тең туа біткен қабілеттері бар екенін көрсетті және дәлелдеді. Егер практикалық қабілеттерде қандай да бір айырмашылықтар кездесіп жатса да, бұл ер балаларды көбінесе математика және жаратылыстану сабақтарына, ал қыз балаларды керісінше шығармашылыққа көбірек бағытталуының салдары. Егер әйелдер киберқауіпсіздікпен айналыса алмаймын деп ойласа, бұл тек шындыққа негізделмеген стереотиптер мәселесі. – деп атап өтті Рахима Күнбалаева.

Бүгінгі таңда кәсіптерді тек ер адамдар немесе тек әйел адам істейтін кәсіп деп бөлу объективті түрде ескірген. Технология біздің өміріміздің барлық салаларына еніп келеді, сонымен бірге ақпараттық технологиялар, АҚ және киберқауіпсіздік саласындағы мамандықтарды таңдайтын әйелдер саны артып келеді. Сонымен қатар, саладағы жұмыс орындарының  алуан түрлілігі айтарлықтай кеңейіп, ерлер мен әйелдердің өз қабілеттерін іске асыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы Асқар Жүнісбек

– Бүгінгі таңда үміткердің ер адам не әйел адам болуы жалдау туралы шешім қабылдауда шешуші фактор болып табылмайды, оның практикалық тәжірибесі мен білім деңгейі маңыздырақ болады. Сондықтан IT, ақпараттық және киберқауіпсіздік саласындағы гендерлік теңсіздіктердің күрт төмендеуі байқалады: қазір әйел адамдар да, ер адамдар да жетекші техникалық позицияларға үміткер. Сайып келгенде, гендерлік айырмашылықтарды азайту күрделі міндеттерді шешуге және болашақтың қиындықтарын жеңуге қабілетті әр түрлі және инновациялық командалардың қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан, теңдік пен инклюзивтілік бағытында ілгерілеуді жалғастыра отырып, біз технологиялар әлемінде анағұрлым мықты және орнықты қоғамдастық құрамыз – деді Басқарма Төрағасы.

Әйелдер IT, ақпараттық және киберқауіпсіздік саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп жатса да, олар алдын ала пішілген көзқарастар мен стереотиптермен байлынысты қарсылықтарға әлі де кезігіп жатады.

Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу қызметінің бастығы Лаура Джумашева

– Тарихи тұрғыдан алғанда, IT саласы ұзақ уақыт ерлер ғана жұмыс істейтін сала деп есептелді. Алайда, бүгінгі күні осы салаға әйелдер де үлкен үлесін қосуда. МТҚ-да өз ісінің кәсіпқойлары, білімі мен дағдыларын дамытатын, АҚ және IT трендтеріне қызығушылық танытатын көптеген қыздар жұмыс істейді. Жақында жұмыста осындай бір қызық жағдай болды, жоба бойынша техникалық және ұйымдастырушылық мәселені талқылау және шешу үшін конференц-залда әртүрлі департаменттің тек қыздары ғана жиналды. Бұл алдын ала келісіп жасалмаған болатын, соған өзіміз де таң қалып, күлген едік. Біздің әріптес-қыздарымыз командаға кәсіби дағдыларды әкеліп қана қоймай, сонымен қатар проблемаларды тиімді шешу үшін бірегей көзқарастарын та білдіреді – деді Лаура.

Әйелдер АҚ және IT саласында қандай қиындықтарға тап болатыны туралы YouTube сайтында МТҚ баспасөз қызметі жобасының «Cyber қыз» роликтер сериясынан білуге болады.

– Қазақстанның IT, ақпараттық және киберқауіпсіздігі саласындағы әйелдер технологиялық индустрияны дамытуда және цифрлық активтерді қорғауда баға жетпес рөл атқарады. Олардың қосқан үлесі мен жетістіктері көпшілікті шабыттандырады, ал олардың күш-жігері ақпараттық технологиялар әлемін серпінді, алуан түрлі және ең бастысы қауіпсіз етуге көмектеседі – деп толықтырды өз сөзін Басқарма Төрағасы Асқар Жүнісбек.

Қазіргі уақытта «МТҚ» АҚ ұжымында 300-ден астам қызметкерден 100-ге жуық әйел жұмыс істейді. Олардың басым жартысы ақпараттық қауіпсіздіктің техникалық процестеріне қатысады. Айта кету керек, әйелдер тек қатардағы лауазымдарда ғана емес, сонымен қатар әртүрлі басқармаларда басшылық позицияларда жұмыс істейді.

Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ ұжымы барлық әйелдерді 8-наурыз мерекесімен құттықтайды. Әйелдер тек шабыт көзі ғана емес, сонымен қатар бізге өзінің сүйіспеншілігін, қамқорлығын және кәсібилігін беретін тұрақты күш. Бұл күн сіздер үшін қуанышқа, бақытқа және керемет тосын сыйларға толы болсын. Сіздердің әр күніңіз шабытқа, өзіңізге деген сенімділікке және керемет жетістіктерге толы болсын.

Жаңалықтар