22.02.2024

Басты бет / Қазақстанға қарсы кибертыңшылық акциясына қатысты

Қазақстанға қарсы кибертыңшылық акциясына қатысты

Интернет желісінде пайда болған Қазақстан Республикасының байланыс операторлары инфрақұрылымының жария етілуі туралы ақпаратқа қатысты хабарлаймыз.

«МТҚ» АҚ 2022 жылы ҰҚК-мен өзара әрекеттесе отырып, Қазақстан ұялы байланыс операторларының инфрақұрылымында шетелдік хакерлік топтың қызметін айқындады.

Тексеру зиянкестер дерекқорларға  2021 жылдан бастап заңсыз қол жеткізе алғанын көрсетті.

Байланыс операторлары тарапынан ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды өрескел бұзу енудің себебі болды.

Қолданылған шаралармен қатерлер және тәуекелдер бейтараптандырылды.

Хакерлік топтың ұйымдастырушылары мен мүшелері бірнеше елдің бастамасы бойынша халықаралық іздестіруде.

БЖЗҚ және «Air Astana» компаниясының инфрақұрылымына қол жеткізу фактілері бойынша Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органы (ЦДИАӨМ) тексеру жүргізуде.

Жаңалықтар