23.10.2023

Басты бет / CITRIX ӨНІМДЕРІН ПАЙДАЛАНАТЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫМДАР

CITRIX ӨНІМДЕРІН ПАЙДАЛАНАТЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫМДАР

  • зақымдалған бағдарламалық қамтылымды қолдау көрсетілетін кез келген нұсқаға дейін жаңарту;
  • Security updates модуліне жазылудың өзектілігін тексеру;
  • IDPs бұғаттау ережесіне «Possible Citrix ADC and NetScaler Gateway RCE» сигнатураларын қосу;
  • NetScaler ADC және NetScaler Gateway серверлеріндегі кез келген ерекше белсенділікті немесе іс-әрекетті анықтау үшін журнал файлдарын тексеру, мысалы, рұқсатсыз қол жеткізу, конфигурация параметрлерін өзгерту;
  • белгісіз IP-мекенжайларға немесе домендерге (DNS) жіберілетін деректердің үлкен көлемі сияқты кез келген ерекше немесе күдікті іс-әрекеттерді анықтау үшін NetScaler ADC және NetScaler Gateway бар серверлерге баратын және одан шығатын желілік трафикті қадағалау;
  • Серверлерді жүйеге жүктелуі мүмкін зиянды БҚ, веб-шеллдер немесе скрипттер тұрғысынан NetScaler ADC және NetScaler Gateway көмегімен сканерлеңіз;
  • Зиянкес жасаған болуы мүмкін NetScaler ADC және NetScaler Gateway серверлерінде ерекше файлдар мен каталогтардың болуы тұрғысынан тексеру;
  • жүйе конфигурациясын пайдаланушылардың жаңа есептік жазбаларының қосылуы немесе жүйе баптауларының өзгеруі сияқты өзгерістердің болуы тұрғысынан тексеру, бөгде пайдаланушылардың есептік жазбалары анықталған жағдайда, оларды дереу өшіру.