23.10.2023
Басты бет / CITRIX ӨНІМДЕРІН ПАЙДАЛАНАТЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫМДАР
CITRIX ӨНІМДЕРІН ПАЙДАЛАНАТЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫМДАР
- зақымдалған бағдарламалық қамтылымды қолдау көрсетілетін кез келген нұсқаға дейін жаңарту;
- Security updates модуліне жазылудың өзектілігін тексеру;
- IDPs бұғаттау ережесіне «Possible Citrix ADC and NetScaler Gateway RCE» сигнатураларын қосу;
- NetScaler ADC және NetScaler Gateway серверлеріндегі кез келген ерекше белсенділікті немесе іс-әрекетті анықтау үшін журнал файлдарын тексеру, мысалы, рұқсатсыз қол жеткізу, конфигурация параметрлерін өзгерту;
- белгісіз IP-мекенжайларға немесе домендерге (DNS) жіберілетін деректердің үлкен көлемі сияқты кез келген ерекше немесе күдікті іс-әрекеттерді анықтау үшін NetScaler ADC және NetScaler Gateway бар серверлерге баратын және одан шығатын желілік трафикті қадағалау;
- Серверлерді жүйеге жүктелуі мүмкін зиянды БҚ, веб-шеллдер немесе скрипттер тұрғысынан NetScaler ADC және NetScaler Gateway көмегімен сканерлеңіз;
- Зиянкес жасаған болуы мүмкін NetScaler ADC және NetScaler Gateway серверлерінде ерекше файлдар мен каталогтардың болуы тұрғысынан тексеру;
- жүйе конфигурациясын пайдаланушылардың жаңа есептік жазбаларының қосылуы немесе жүйе баптауларының өзгеруі сияқты өзгерістердің болуы тұрғысынан тексеру, бөгде пайдаланушылардың есептік жазбалары анықталған жағдайда, оларды дереу өшіру.