29.03.2024

Басты бет / Қазақстан Халықаралық киберкеңістіктегі өз позициясын нығайтуда

Қазақстан Халықаралық киберкеңістіктегі өз позициясын нығайтуда

Киберқауіпсіздік пен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы халықаралық тәжірибе мен ынтымақтастық цифрлық технологиялар біздің күнделікті өміріміз үшін күннен-күнге маңызды бола бастаған қазіргі әлемде шешуші рөл атқарады. Киберқауіптер ұлттық шекараларға бағынбайды. Мұндай ынтымақтастық ауқымды кибершабуылдармен, кибертыңшылықпен және цифрлық агрессияның басқа түрлерімен күресу үшін күш біріктіруге мүмкіндік береді.

Осылайша, 2024 жылғы 26 наурызда KZ-CERT қызметкері Asian Pacific Computer Emergency Response Team (APCERT) ұйымы командаларының барлық мүшелері үшін «Threat Hunting» бағытында «Ұйымның инфрақұрылымындағы хакерлік топтардың және зиянды белсенділіктің іздерін анықтау» тақырыбында ақпараттық қауіпсіздік бойынша семинарда сөз сөйледі. Семинарды Тайваньдағы Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі (TW CERT/CC) ұйымдастырады.

APCERT ұйымының негізгі мақсаттары ақпараттық қауіпсіздік саласындағы Азия-Тынық мұхиты өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты нығайту, желінің ауқымды және өңірлік қауіпсіздік инциденттеріне қарсы күрес жөніндегі шараларды бірлесіп әзірлеу, ақпарат пен технологиялармен алмасуға жәрдемдесу болып табылады.

Айта кететін болсақ, бұл семинар пандемиядан кейін алғаш рет өткізілді, онда Азия-Тынық мұхиты аймағынан киберқауіпсіздік саласындағы жетекші сарапшы мен практиктер жиналды. KZ-CERT маманы осы алаңда сөз сөйлеген Қазақстанның алғашқы өкілі болды. Баяндама барысында спикер қауіптерді алдын ала іздеу (Threat Hunting) қалай жұмыс істейтіні туралы ақпаратпен бөлісті.

Threat Hunting-тің басты мақсаты – қоршаған ортаға қауіп төндірген зиянкестердің іздерін іздеуге кететін уақытты қысқарту болып табылатынын естеріңізге саламыз. KZ-CERT маманы бұл іздерді мүмкіндігінше тезірек табу арқылы бұзушылықтардың ұйымға әсерін барынша азайтуға болатынын атап өтті.

Семинарға қатысушылар қазақстандық әріптестердің сараптамасы мен кәсібилігін жоғары бағалады. Ұйымдастырушылар болса, қазақстандық тәжірибенің аймақтық және халықаралық деңгейде киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңыздылығын ерекше атап өтті.

Жаңалықтар