7.12.2023

Басты бет / «МТҚ» АҚ мемлекеттік органдардағы бірқатар ақпараттық қауіпсіздік қызметкерлерінің еңбегін бағалады

«МТҚ» АҚ мемлекеттік органдардағы бірқатар ақпараттық қауіпсіздік қызметкерлерінің еңбегін бағалады

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-да Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының Консультативтік үйлестіру кеңесі (АҚҰҮО КҮК) шеңберінде жылдың қорытындылары шығарылды

6 желтоқсан күні АҚҰҮО КҮК-нің он үшінші (XIII) отырысы өткізілді. Белгілі болғандай, АҚҰҮО КҮК ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, озық тәжірибені енгізуге, төтенше жағдайларды болдырмауға, ақпараттық қауіпсіздік қатерлері мен инциденттерінің салдарын жоюға және оларға бірлесіп әрекет етудің практикалық механизмдерін қалыптастыруға байланысты  ұйымдастырушылық, техникалық және нормативтік-құқықтық мәселелерді шешу кезінде өзара жәрдем көрсету мәселелері жөніндегі жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Отырыста ақпараттық мемлекеттік органдардың ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жұмысына жүргізілген талдау ұсынылды. Мемлекеттік органдарға келіп түскен кейстерден кері байланыс кейстердің жалпы санынан 75% берілді.

Сонымен қатар, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтардан өтуге дайындық мәселелерін қоса алғанда, алдынғы отырыстың хаттамалық тапсырмаларын орындау нәтижелері мен проблемалары, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың жұмыскерлері арасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану дағдыларын қалыптастыру механизмдерін енгізу талқыланды.

Отырыс шеңберінде мемлекеттік органдардағы ақпараттық қауіпсіздік қызметкерлерін жоғары кәсіпқойлығы және «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-мен белсенді ынтымақтастығы үшін марапаттау жүргізілді.

Марапатталған қызметкерлердің тізімі:

  1. Жанат Әміржанұлы Ибраев – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Киберқауіпсіздік басқармасының бастығы.
  2. Мешітұлы Мақсат – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы.
  3. Осман Диас Қанапияұлы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы.

Отырысқа Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының 34 өкілі қатысты. Іс-шара аяқталғаннан кейін қатысушылар пікірталас өткізіп, оның шеңберінде ақпаратты қорғау құралдарымен орталықтандырып жабдықтауды іске асыру жөніндегі мәселелерді талқылады.

Анықтама: Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының Консультативтік үйлестіру кеңесі 2019 жылғы маусымда құрылды. Кеңес мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдардың сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалуының талап етілетін деңгейін қолдап отыру үшін Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бейінді мамандары санынан қалыптастырылды.

Жаңалықтар