17.11.2023

Басты бет / Қазақстан мен Әзірбайжан киберқауіпсіздік бойынша серіктестер болды

Қазақстан мен Әзірбайжан киберқауіпсіздік бойынша серіктестер болды

Ағымдағы жылдың 17 қарашасында «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ мен Әзірбайжан Республикасы Цифрлық даму және көлік министрлігінің Электрондық қауіпсіздік қызметі арасында Киберқауіпсіздік саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Компьютерлік инциденттерге ұлттық әрекет ету қызметі (KZ-CERT) мен Әзірбайжан Республикасының Электрондық қауіпсіздік қызметі (CERT.AZ) арасында халықаралық ынтымақтастықты дамыту жүзеге асырылады.

 

 

Меморандум ақпараттық қауіпсіздік саласындағы, әсіресе ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне әрекет ету бөлігінде өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға бағытталған. Бұл Меморандум озық тәжірибелермен, қазіргі киберқауіптер туралы ақпаратпен алмасудың іргетасын қалайды, бұл біздің елдерде ақпараттық қауіпсіздікті айтарлықтай нығайтуға септігін тигізбек. Ынтымақтастықты дамытудың арқасында компьютерлік шабуылдардың салдарын анықтау және жою жағдайларында өзара күш-жігер, техникалық және адам ресурстары шоғырландырылады.

 

Мұндай келісімдер озық тәжірибелермен алмасуға ықпал етеді, инциденттерге әрекет ету уақытын қысқартуға көмектеседі және аса маңызды ақпаратты қорғау үшін бірлескен күш-жігерді нығайтады.

Меморандум екі елдің киберқауіпсіздік саласындағы сенімді серіктес мәртебесін нығайтуға ұмтылысын растайды.

CERT.AZ Әзірбайжан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 708 Жарлығының 5-бөлігіне сәйкес құрылған. Бұл ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ақпараттық инфрақұрылым субъектілерінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін, халықты, жеке және өзге де ұйымдарды ұлттық деңгейде ақпараттық қауіпсіздіктің бар және ықтимал қатерлері туралы хабардар ететін мемлекеттік орган.

 

Жаңалықтар