13.10.2023

Басты бет / 2023 ЖЫЛҒЫ ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ ИНЦИДЕНТТЕРГЕ ШОЛУ

2023 ЖЫЛҒЫ ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ ИНЦИДЕНТТЕРГЕ ШОЛУ

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ ағымдағы жылдың қыркүйек айында Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін (ИҚБШ) пайдалана отырып, 19 млн.астам кибершабуылдар бұғатталғанын хабарлайды.

ҚР мемлекеттік органдарының, жергілікті атқарушы органдарының, квазимемлекеттік және жеке секторлар ұйымдарының желілерінде ботнеттің ең көп таралған түрлері Mariposa.Botnet, andromeda.Botnet и Mozi.Botnet болды.

Өткен аймен салыстырғанда қыркүйек айында «МТҚ» АҚ зиянды бағдарламалық қамтылым (ЗБҚ) таратумен байланысты кейстер санының 12%-ға ұлғайғанын тіркеді. Ең көп саны жергілікті атқарушы органдарда тіркелген.

Электрондық поштаның бірыңғай шлюзі (ЭПБШ) жабдығынан алынған спам бойынша есептерді талдау барысында, сондай-ақ қазақстандық пайдаланушылардан алынған ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін өңдеу барысында мемлекеттік органдарда, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінде және жергілікті атқарушы органдарда 2023 жылғы қыркүйекте зиянды құжаты бар спам, алаяқтық мазмұны бар хаттар және фишингтік / алаяқтық ресурстарға сілтемелермен байланысты таратылымдардың 28.6%-ға ұлғаюы тіркелді. ЭПБШ логтарын талдау нәтижесінде анықталған спам-хабарламалар мен зиянды хат құжаттары карантинге қойылып, мақсатты алушыларға жеткізілмеді. Зиянды белсенділікті жою мақсатында аумағында зиянды белсенділік көздері орналасқан елдердің интернет-ресурстары иелерінің және шетелдік ұйымдардың атына хабарламалар жіберілді.

«Интернет желісіндегі фишинг» түріндегі тіркелген ақпараттық қауіпсіздік инциденттері негізінен интернет-ресурстардың клондарымен және авторизация нысандарымен байланысты екенін айта кетеміз.

Егер сіз АҚ инцидентіне тап болсаңыз, 1400 (тәулік бойы) ақысыз нөмірі, telegram-бот @KZ_CERT_chat_bot сілтемесі бойынша немесе email: incident@cert.gov.kz хабарлауды сұраймыз.

Жаңалықтар