27.10.2023

Басты бет / «МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ» АҚ-ДА ЕЛОРДАЛЫҚ СТУДЕНТТЕРДІҢ КИБЕРШАЙҚАСЫ ӨТТІ

«МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ» АҚ-ДА ЕЛОРДАЛЫҚ СТУДЕНТТЕРДІҢ КИБЕРШАЙҚАСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 27 қазанында «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-да STS Cyber Challenge CTF-жарыстарының финалы өтті. Іс-шараға 373 студент қатысқан болатын, олардың 20-сы финалға шықты.

STS Cyber Challenge – колледж және бакалавр студенттерінің компьютерлік қауіпсіздік дағдыларын тексеруге, ал CTF (Capture The Flag) –  ақпараттық қауіпсіздік дағдыларын дамытуға және тексеруге бағытталған киберқауіпсіздік жарыстары. CTF-жарысы аясында қатысушылар әртүрлі тапсырмаларды шешуде, жалаушаларды іздеуде жарысады. CTF-жарыстары – бұл киберқауіпсіздік дағдыларын дамытудың және практикалық тәжірибе алудың тамаша тәсілі.

Қатысушыларға арналған тапсырмалар криптография, қауіпсіздік, реверс-инжиниринг, форензика, желілік трафикті бақылау және т.б. сияқты көптеген тақырыптарды қамтыды. Финалда команда қатысушылары өздерінің виртуалды инфрақұрылымының сервисі қалайша осал болғанын түсініп, ондағы қателерді дұрыс жолмен түзетуге тиіс болды.

CTF-жарыстарының жеңімпаздарына іс-шараның ресми демеушілерінен бағалы сыйлықтар табысталды. Жарыстың демеушілері Trend Micro, Huawei, Kaspersky, Positive Technologies, Fortinet және Jacobs сияқты компаниялар болды.

Жарыста Сайлауов Дидар үздік атанды, екінші орында Қабыл Қанат, жеңімпаздар үштігін Тоқсанбай Бақтияр түйіндеді.

«МТҚ» еліміздің жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимыл арқылы кадрларды даярлау мәселесіне баса көңіл бөледі. Жыл сайын студенттер біздің Қоғам қабырғасында өндірістік және диплом алдындағы тәжірибеден өтеді, болашақта студенттердің бір бөлігі бізге жұмысқа орналасады. Екінші жыл қатарынан біз AITU университетімен дуальды оқыту жобасын іске асырудамыз. Осындай ұсыныстар Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарынан келіп түсуде, сондықтан алдағы уақытта біз осы бағыт бойынша олармен де ынтымақтастық орнатамыз деген ойдамын» – деді өз сөзінде «Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы Асқар Жүнісбек.

Жаңалықтар