10.10.2023

Басты бет / «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Касперский зертханасының Cyberday қатысты

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Касперский зертханасының Cyberday қатысты

Ағымдағы жылдың 9 қазанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде киберқауіпсіздік мәселелері бойынша Kaspersky Сyberday панельдік сессиясы өтті.

 

Іс-шара студенттерге ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне тап болғанда, теориялық түсінік қалыптастыруға және практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Kaspersky Cyberday 500-ден астам тыңдаушы – жоғары оқу орындары мен басқа да мекемелердің оқытушылары, студенттер, IT-мамандар жиналды.

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Astana IT University және «Касперский зертханасының» өкілдері кадрларды даярлаудың өзекті тақырыптарын, сондай-ақ бизнес және өнеркәсіптік ортадағы киберқорғау стратегияларын талқылады. Қатысушыларға киберқауіпсіздіктегі мансаптық болашақ туралы айтылды, IT-де жұмыс істеу үшін кәсіби дағдыларды дайындау және дамыту бойынша кеңестер берілді.

 

Конференцияның ашылуында «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Жүнісбек сөз сөйледі. Өз сөзінде ол елімізде ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі мамандардың тапшылығы сезіліп отырғанын атап өтті.

 

«2020 жылы біз Еуразия ұлттық университетімен меморандум жасадық. Меморандум ережелерін іске асыру аясында үш жыл ішінде студенттердің едәуір бөлігі Қоғам қабырғасында өндірістік және диплом алдындағы практикадан өтіп болашақта жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, біздің жұмыскерлер ЕҰУ магистратурасы мен докторантурасында оқып, өз біліктіліктерін арттырады. Сондай-ақ, жоспардағы білім беру бөлімі бойынша өзара іс-қимыл нысандарының бірі – оқу бағдарламаларын келісу және дипломдық жұмыстарға рецензия беру болып табылады» – деді Асқар Жүнісбек.

 

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Жүнісбек: «Біз біліктілікті арттыру және құзыреттілікті арттыру тұрғысынан өзара іс-қимылдың жаңа нысандарын үнемі іздестіру жолындамыз, атап айтқанда, АҚ қамтамасыз ету саласында студенттік жарыстар өткізіп тұрамыз. Осылайша, өткен аптада CTF форматында «STS Cyber Challenge 2023» ақпараттық қауіпсіздік бойынша онлайн жарыстың бірінші кезеңі өткізілді. Жарысқа 16 жоғары оқу орыннан 373 студент қатысып, 20 жеңімпаз анықталды. Олар МТҚ қабырғасында өтетін жарыстың екінші кезеңіне өтті» – деп өз сөзін толықтырды.

Жаңалықтар