3.08.2018

Басты бет / НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! АЛАЯҚТЫҚ РЕСУРС!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! АЛАЯҚТЫҚ РЕСУРС!

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі makesuran.ru. алаяқтық интернет – ресурсы айқындалғанын ескертеді.

Зиянкестер мобильдік мессенджелер мен электрондық пошта арқылы makesuran.ru интернет-ресурсында пікіртерімге қатысушыға қаражат кейін төленетін сауалнамадан ақшалай сыйақыға өтуге шақыру таратуды жүзеге асырған.

Кепілді ақша қаражатын алу үшін пікіртерімге қатысушы 162 рубль немесе 825 теңге мөлшерінде комиссия төлеуге тиіс. Пікіртерімнің шаттарымен келіскеннен кейін қатысушы төлем картасының деректерін толтыру үшін төлем SimplePay онлайн-сервисіне жіберіледі.

Зиянкестердің шотына ақша қаражаты аударылған соң кепілді ақша қаражаты түспеген.

KZ-CERT ұсыныстары:

Банк клиенттеріне негізгі ақпараттық қауіпсіздік қағидаларын сақтауды ұсынамыз. Мереке кезеңінде сатып алу көлемі және жарнамалық жіберілімдердің ұлғаюына байланысты аса қырағылықтанытып, күдікті парақтарға кірмеуге және өтпеуге шақырамыз.

Жүргізілетін операциялардың логикасында кез келген өзгеріс айқындалған кезде пайдаланушыларғабанктердің байланыс орталықтарына жүгінуге кеңес береміз. Сіз интернет-банкинг сайтына кіретін, сондай-ақ Өзіңіздің карталарыңыздың көмегімен төлеуді жүзеге асыратын құрылғыларды (компьютер, ноутбук, планшет) абайлап және мұқият пайдалануды сұраймыз.

Ойын, көңіл көтеру бағытындағы сайттарға, бейтаныс ресурстарға кірмеуге, «таңғаларлық» оқиғалар берілген сілтемелер мен баннерлер бойынша өтпеуге кеңес береміз – мұнай сайттар және жаңалықтар пайдаланушыларды әртүрлі зиянды БҚ-мен зақымдауға жиі пайдаланылады.

Сондай-ақ, СМС хабарламалар мен біржолғы кодтар келетін телефонның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мұқият қараңыз.

Зақымдау әрекеттерін жасау үшін пайдаланушыда күдік тудырмайтын форматтардағы (мәселен, doc, pdf, xls) файлдар пайдаланылуымүмкін. Файлдардың кең таралған форматтарының (соның ішінде – белгілі кеңсе қосымшаларының) басым бөлігін зақымдау үшін пайдалануға болатынын ескеруді сұраймыз.

Кез келген күдікті хатты (белгісіз адресаттан, күтпеген тақырыпта, қандай да бір операцияны Сізге дереу немесе қысқа мерзімде орындау ұсынылатын (не Сізді мәжбүрлеуге әрекет жасалатын) – зиянды ретінде қарауға кеңес береміз.

Жіберушінің мекенжайын мұқият тексеруге кеңес береміз – зиянкестер мекенжайдағы бір-екі әріпті өзгертіп, Сізге хатты Сіздің танысыңыздың немесе сенімді ұйымның атынан жіберуі мүмкін.

Жаңалықтар