Интернетке бірыңғай қол жеткізу шлюзі және электрондық поштаға бірыңғай шлю
Ұлттық ақпараттық қауіпсіздік үйлестіру орталығы (ҰАҚҮО)
"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау
ilac-MRA
NCA
CISM
redhat
redhat-linux
redhat-certified-engineer
CCNA
GREM
GCFA
Blue Team level 2
GIACНОВОСТИ
STS Cyber Challenge кибержарысының қорытындылары
«Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «МТҚ» АҚ) STS Cyber Challenge кибержарысының қорытындыларын шығарды.
9–10 желтоқсан күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен «МТҚ» АҚ ұйымдастырған STS Cyber Challenge кибержарысының финалы өтті.
Алғашқы күні ашылу рәсіміне ЖИЦДМ вице-министрі Досжан Уалдинұлы Мусалиев және «МТҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Жүнісбек Асқар Рахымбайұлы қатысты. Вице-министр жарыстың саланың кадрлық әлеуетін дамытудағы маңызын атап өтіп, цифрлық технологиялар барлық салаға қарқынды еніп жатқанын, ал сонымен бірге киберқауіптер де күрделене түсіп, тек теориялық білімді ғана емес, терең практикалық дағдыларды талап ететінін айтты. Ол STS Cyber Challenge өзін болашақ киберқауіпсіздік мамандарын анықтайтын және жас дарындардың кәсіби қауымдастығын қалыптастыратын маңызды алаң ретінде көрсете алғанын атап өтті.
Қатысушыларға үндеуінде Досжан Мусалиев жарысқа қатысу – шынайы жағдайға барынша жақын ортада өз дағдыларын сынау мүмкіндігі әрі елдің цифрлық болашағын қалыптастыратын қауымдастықтың бір бөлігі болу екенін айтты. Ол қатысушыларға сенімділік, білімге құштарлық және сындардан сәтті өтуге тілектестігін білдіріп, олардың арасында Қазақстанның болашақ цифрлық қауіпсіздік көшбасшылары бар екенін атап өтті.
Жарысқа ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық технологиялар, компьютерлік техника және өзге де іргелес мамандықтар бойынша колледж студенттері, бакалавриат және магистратура бағдарламаларының 127 командасынан 500-ден астам студент қатысты. Финалдық кезеңдерге теориялық және практикалық тұрғыдан жоғары дайындық көрсеткен 11 команда өтті.
STS Cyber Challenge 2025 жарысының ерекшелігі — Blue Team бағыты бойынша тапсырмалардың күшейтілген мазмұны. Биыл қатысушылар инфрақұрылымды қорғау, инциденттерді талдау, шабуылдарды зерттеу және оларды болдырмау әдістерін әзірлеу бойынша тапсырмаларды орындады. Бұл дағдылар қазіргі таңда мемлекеттік секторда да, бизнес саласында да аса сұранысқа ие. Тапсырмалар SOC орталықтары мен киберқауіпсіздік қызметтерінің нақты жұмыс жағдайларына барынша жақындатылған, бұл студенттердің кәсіби өсуі үшін жарыстың маңызын арттырады.
Тапсырмалар қатысушылардың техникалық дағдыларын, командада жұмыс істей білуін, инциденттерді жылдам талдауды және кибершабуыл сценарийлеріне барынша жақын жағдайда шешім қабылдау қабілеттерін тексерді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрады.
Іс-шара халықаралық компаниялардың қолдауымен өтті: Fortinet, Cisco, Marvel Kazakhstan, Kaspersky зертханасы және PS Cloud. Олар жас мамандардың киберқұзыреттерін дамытуға елеулі үлес қосуда.
Жарыс қорытындысы бойынша STS Cyber Challenge жеңімпаздары атанды:
I орын — EM1X командасы;
II орын — OXZ3ROLOGIC командасы;
III орын — ORDA1NTRUDRS командасы.
«МТҚ» АҚ Басқарма Төрағасы өз сөзінде іс-шараның маңызын атап өтті:
«Бүгін сіздер көрсеткен белсенді қатысу мен жоғары дайындық деңгейі үшін алғыс айтқым келеді. STS Cyber Challenge — жай ғана жарыс емес, бұл — кәсіби дағдыларды дамытуға, жаңа таланттарды анықтауға және еліміздің киберқауіпсіздігін нығайтуға арналған маңызды алаң. Бүгін қатысушылар өз күштерін іс жүзінде сынап, әрі қарай дамуға және заманауи сын-қатерлерге жауап беруге дайын екенін көрсетті. Киберқауіпсіздік саласының болашақ мамандарын даярлау — МТҚ-ның басты басымдықтарының бірі».
STS Cyber Challenge финалы киберқауіпсіздік саласы бойынша жас мамандарды даярлаудағы маңызды оқиға болып, Қазақстан Республикасының цифрлық инфрақұрылымын қорғау саласындағы кәсіби құзыреттерді дамытуға жоғары студенттік қызығушылықты дәлелдеді.
«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Cybershield Certified SOC Analyst курсын іске қосады
«Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамы ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін мониторингтеу, оларға әрекет ету және тергеу саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған Cybershield Certified SOC Analyst кәсіби оқыту курсының басталғанын хабарлайды.
Курс бағдарламасы қамтиды:
-
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамасы;
-
Инциденттерге әрекет ету және MISP платформасымен жұмыс істеу;
-
Цифрлық криминалистика негіздері;
-
Енуге тестілеу (penetration testing);
-
SOC-талдаушыларға арналған Splunk жүйесімен жұмыс істеу негіздері;
-
Зиянды кодты талдау;
-
Ақпаратты қорғау құралдарын әкімшілендіру.
Басталу күні: 24 қараша
Форматы: офлайн, сабақтар «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ базасында тәжірибелі оқытушылармен өткізіледі
Ұзақтығы: 40 сағат теория және 30 күн практика
Тіркелу мерзімі: 23 қарашаға дейін
Ақпараттық қауіпсіздік бойынша Оперативтік орталық пен Ұлттық ақпараттық қауіпсіздік үйлестіру орталығы өзара әрекеттестігі мәселелері бойынша IX отырыс: киберқауіпсіздік саласындағы жаңа міндеттер мен басымдықтар
2025 жылғы 16 қазан күні Ұлттық ақпараттық қауіпсіздік үйлестіру орталығы және Ақпараттық қауіпсіздік бойынша Оперативтік орталықтар өзара әрекеттестігі мәселелері бойынша IX отырыс өткізді.
Отырысқа АҚ «МТҚ» Басқарма Төрағасы Асқар Жүнісбек төрағалық етіп, Ақпараттық қауіпсіздік бойынша Оперативтік орталықтар мен Ұлттық ақпараттық қауіпсіздік үйлестіру орталығының жүйелі жұмысының ұлттық киберқауіпсіздікті нығайтудағы стратегиялық маңыздылығын атап өтті.
Кіріспе сөзінде ол цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы мен киберқатерлердің өсу жағдайында ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің барлық қатысушыларының оқиғаларға дер кезінде әрекет етуі мен іс-қимылдарын үйлестіру басты басымдық болып қалатынын ерекше айтты.
– Бүгінде Ақпараттық қауіпсіздік бойынша Оперативтік орталықтар тек ұлттық ғана емес, халықаралық кибертехникалық жаттығулар мен конференцияларға да қатысу арқылы жоғары деңгейдегі белсенділік пен кәсіби шеберлікті көрсетіп отыр. Олардың қызметі Қазақстанның маңызды инфрақұрылымының және цифрлық ортасының тұрақтылығын арттыруға тікелей ықпал етеді, – деді Басқарма Төрағасы.
Отырыс барысында Ақпараттық қауіпсіздік бойынша Оперативтік орталықтар мен Ұлттық ақпараттық қауіпсіздік үйлестіру орталығы арасындағы өзара әрекеттестіктің құқықтық өзгерістері, бірлескен жұмыстың тиімділігін талдау нәтижелері, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін тергеудің практикалық аспектілері қаралды. Докладтармен Ұлттық ақпараттық қауіпсіздік үйлестіру орталығы, Ақпараттық қауіпсіздік бойынша Оперативтік орталықтар және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері сөз сөйледі.
Арнайы назар аударылған мәселелер:
Ақпарат алмасу рәсімдерін жетілдіру;
Қатерлерді анықтау және алдын алу бойынша проактивтік тәсілдерді енгізу;
Мамандардың техникалық құзыреттерін нығайту және киберфорензиканы дамыту.
Отырыстың қорытындысы бойынша Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары – Ұлттық ақпараттық қауіпсіздік үйлестіру орталығының басшысы УлыКбек Шамбулов 2025 жылғы 11–12 қыркүйекте өткен Ақпараттық қауіпсіздік бойынша Оперативтік орталықтардың кибержаттығуларының нәтижелерін таныстырды.
Ол командалардың жоғары дайындығын атап өтіп, практикалық жаттығулардың ұйымдардың нақты кибероқиғаларға дайын болуын күшейту үшін маңыздылығын айтты.
ОЦИБ кибержаттығуларының қорытындысы бойынша командалар рейтингі :
1-орын – ЖШС «RTEAM»
2-орын – ЖШС «CYBERFOX LLP»
3-орын – ҚБ «ЦАРКА»
IX отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар бірлескен күш-жігер Қазақстанның ұлттық киберкеңістігінің қорғалу деңгейін арттыруға және цифрлық егемендікті нығайтуға өз үлесін жалғастыратынына сенім білдірді.
Өнеркәсіптік басқару автоматтандырылған жүйелеріндегі (ӨБАЖ / АСУ ТП / ICS) негізгі осалдықтар: 2025 жылдың тамыз–қыркүйегі
Соңғы айларда Siemens, Rockwell Automation, Schneider Electric, ABB және басқа да жетекші өнеркәсіптік автоматтандыру компаниялары өз өнімдерінде анықталған жаңа қауіпсіздік осал тұстарын жариялады.
Қауіп-қатерлер өнеркәсіптік контроллерлерге (PLC), SCADA/HMI жүйелеріне, инженерлік станцияларға, желілік модульдерге және басқа да инфрақұрылымдық жабдықтарға әсер етуі мүмкін.
Бұл Қазақстан үшін неге маңызды
Мұндай шешімдер Қазақстанда да кеңінен қолданылады — мұнай-газ, энергетика, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, қаржы саласы және денсаулық сақтау сияқты бағыттарда.
Егер осы осал тұстарды хакерлер пайдаланып кетсе, бұл өндіріс процесінің тоқтауына, электр желілеріндегі ақауларға немесе қалалық инфрақұрылымның бұзылуына әкелуі мүмкін.
Бұл материал мамандарға осал тұстарды басымдық бойынша жою жұмыстарын жоспарлауға көмектесу үшін дайындалған. Қолданылуы нақты объектідегі бағдарламалық қамтама нұсқаларына байланысты.
Негізгі өндірушілер бойынша жаңартулар
Siemens
Компания тамыз және қыркүйек айларында 30-ға жуық қауіпсіздік бюллетенін жариялады. Маңыздыларының кейбірі:
-
CVE-2025-40804 (CVSS 9.3) — SIMATIC Virtualization as a Service жүйесіндегі қателік. Бұл осалдық хакерге рұқсатсыз деректерге қол жеткізуге немесе оларды өзгертуге мүмкіндік береді.
-
CVE-2025-40746, CVE-2025-40751 — SIMATIC RTLS Locating Manager жүйесіндегі осал тұстар аутентификациядан өткен пайдаланушыға әкімші құқықтарымен кез келген кодты орындауға мүмкіндік береді.
-
Сондай-ақ UMC, Simotion, Industrial Edge, Sinamics жүйелерінде қашықтан код орындау (RCE) және қызмет көрсетуден бас тарту (DoS) қатерлері түзетілді.
Қауіптері: инженерлік станцияларға заңсыз кіру, PCS7 және WinCC жүйелерінің істен шығуы, контроллер параметрлерінің бұрмалануы.
Schneider Electric
EcoStruxure Power Monitoring Expert, Power Operation және Power SCADA Operation шешімдерінде төрт сындарлы осалдық табылды. Олар қашықтан код орындауға немесе құпия ақпараттың таралуына әкелуі мүмкін, бұл энергетикалық желілер үшін өте қауіпті.
Modicon M340 контроллерлерінде және желілік модульдерде FTP командалары арқылы DoS шабуылына мүмкіндік беретін қателіктер түзетілді.
Сонымен қатар Software Update құралында әкімшілік құқықтарды иемденуге және файлдарды бұзуға мүмкіндік беретін осалдықтар жойылды.
Қауіптері: энергетикалық жүйелердің бұзылуы, басқару және мониторинг деректерінің бұрмалануы, ірі инфрақұрылымға шабуылға дайындық мүмкіндігі.
Rockwell Automation
-
CVE-2025-7353 (CVSS 9.3) — ControlLogix Ethernet Modules құрамындағы осалдық құрылғыны толық бақылауға алуға мүмкіндік береді.
-
CVE-2025-9364 — FactoryTalk Analytics LogixAI жүйесінде деректер қорының қате бапталуы (Redis) арқылы құпия ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
-
CVE-2025-9161 — FactoryTalk Optix платформасында MQTT компоненті арқылы зиянды плагиндерді жүктеп, кез келген кодты орындауға болады.
Қауіптері: контроллерлердің толық бұзылуы, SCADA жүйелерінің істен шығуы, аналитикалық жүйелердің бұзылуы.
ABB
ASPECT, Nexus және Matrix өнімдерінде аутентификацияны айналып өту және қашықтан код орындау (RCE) сияқты сындарлы осал тұстар анықталды.
Кейбірі CVSS 9.8 деңгейінде бағаланған. ABB компаниясы бағдарламаны 3.08.04-s01 және одан жоғары нұсқасына дейін жаңартуға немесе осал жүйелерді интернеттен толық оқшаулауға кеңес береді.
Қауіптері: қашықтан басқару жүйесін басып алу, өндірістік процестердің бұзылуы.
Жалпы талдау
2025 жылдың тамыз–қыркүйек айларында байқалған үрдіс — бірнеше осалдықты қатар пайдалану арқылы жасалатын кешенді шабуылдардың көбеюі.
Тек реактивті шаралар (инциденттен кейін ғана жаңарту орнату) енді жеткіліксіз.
Қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін resilient-архитектураға көшу қажет. Ол мыналарды қамтиды:
-
активтер мен олардың осалдықтарын түгендеу;
-
желіні Purdue моделіне сай сегментациялау;
-
Zero Trust қағидатын енгізу;
-
жүйелердің тұтастығын үздіксіз бақылау.
Қорғанысты күшейту бойынша ұсыныстар
1. Осал тұстарды және жаңартуларды басқару
-
Барлық құрылғылар мен жүйелердің (контроллерлер, SCADA, инженерлік станциялар, модульдер) тізімін жүргізу.
-
Жаңарту орнатпас бұрын оның өндіріс процесіне әсерін бағалау.
-
Патчтарды алдымен оқшауланған ортада сынақтан өткізу.
-
Егер жаңарту мүмкін болмаса — виртуалды патчинг қолдану, қажетсіз сервистерді (FTP, Redis, web-debug) өшіру.
-
Өндірушілердің қауіпсіздік бюллетеньдерін үнемі бақылау.
2. Желіні бөлу және қорғау
-
Желіні Purdue моделі бойынша деңгейлерге бөлу (корпоративтік, DMZ, SCADA, контроллерлер және т.б.).
-
Интернетке тікелей қолжетімділікті болдырмау.
-
Jump-серверлер және data diode арқылы қауіпсіз қашықтан қатынау ұйымдастыру.
-
Көпфакторлы аутентификация енгізу және артық құқықтарды шектеу.
-
Тек қажетті хаттамалар мен порттарды рұқсат ету (мысалы, CIP, Modbus, Profinet).
3. Мониторинг және шабуылдарды анықтау
-
Өндірістік (OT) желіде арнайы мониторинг жүйесін орнату.
-
Оқиғаларды SOC/SIEM платформаларымен біріктіру.
-
PLC және SCADA конфигурацияларының тұтастығын бақылау.
-
Threat Intelligence дереккөздерін пайдалану.
-
2025 жылғы шабуылдарға тән белгілерді анықтау (CIP, MQTT аномалиялары, FTP шабуылдары, Redis рұқсатсыз қолжетімділігі).
4. Инциденттерге әрекет ету және оқыту
-
OT-жүйелерге арналған әрекет ету жоспарларын жаңарту (DoS, PLC бұзылуы және т.б.).
-
Практикалық оқу-жаттығулар өткізу.
-
Қызметкерлерді фишинг және бұзылу белгілерін тануға үйрету.
-
Барлық инциденттерді талдап, қорғаныс шараларын үздіксіз жетілдіру.
5. Ескі (legacy) жүйелермен жұмыс
-
Инженерлік станциялар мен серверлерде application whitelisting енгізу.
-
USB құрылғыларды қолдануды шектеу, тексерусіз қоспау.
-
Қашықтан қосылуларды тек авторизацияланған шлюздер арқылы ғана рұқсат ету.
-
Жаңарту мүмкін емес жүйелерді физикалық немесе логикалық түрде оқшаулау.
Пайдалы сілтемелер
Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша Кеңесші үйлестіру кеңесінің XV отырысы
25 қыркүйекте «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Ұлттық ақпараттық қауіпсіздік үйлестіру орталығы ұйымдастырған Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша Кеңесші үйлестіру кеңесінің (КҮК) XV отырысы өтті.
Отырыстың аясында қатысушылар алдыңғы кеңес шешімдерін орындау нәтижелерін, салалық киберқауіпсіздік орталығының қызметін, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйелерді қорғау тәжірибесін талқылады. Жеке блок ретінде мемлекеттік секторда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өзекті шақырулар қаралды, оның ішінде инциденттерге әрекет ету мәселелері және ақпаратты қорғау саласындағы жаңа технологиялық шешімдердің көрсетілімі.
Кеңес мүшелері ұлттық киберқауіпсіздік жүйесін дамытуға кешенді тәсілдің, мемлекеттік органдар арасындағы өзара әрекеттестіктің және тәжірибе алмасудың маңызды екенін атап өтті.
КҮК жұмысы аясында мемлекеттік органдар қызметкерлері үшін техникалық оқу ұйымдастырылды, ол 24–26 қыркүйек аралығында өтті. Бағдарламаға келесі бағыттар бойынша практикалық сабақтар кірді:
-
UAC-0063 тобының тактикасы, техникалары мен процедураларын іздеу және анықтау;
-
Ақпаратты қорғау құралдарын орнату және интеграциялау демонстрациясы;
-
Зиянды кодқа арналған негізгі статикалық талдау
Іс-шараға ақпараттық қауіпсіздік комитеті МЦРИАП ҚР, Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сияқты мемлекеттік органдар мен уәкілетті құрылымдардың өкілдері қатысты.
CTF-Bootcamp финалы
22 қыркүйекте «Государственная техническая служба» АҚ ғимаратында Cyber Labs компаниясымен бірлесіп, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен 9–11 сынып оқушылары арасында республикалық CTF-Bootcamp киберқауіпсіздік байқауының финалы өтті.
Басты сыйлық — Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарына «Киберқауіпсіздік» мамандығы бойынша төрт білім гранты. Бұл оқушыларға қазіргі заманның ең сұранысқа ие әрі стратегиялық маңызды мамандықтарының біріне алғашқы қадам жасауға берілген бірегей мүмкіндік.
Айта кетейік, киберқауіпсіздік бүгінде елдің орнықты дамуының ажырамас бөлігі. Ақпаратты қорғау бизнес пен мемлекеттік құрылымдардың ғана емес, бүкіл қоғамның қауіпсіздігіне әсер етеді. Сондықтан бұл саладағы жас таланттарды қолдау ерекше маңызды: бүгін CTF сайысына қатысқан оқушылар ертең Қазақстанның цифрлық болашағын айқындайтын мамандарға айналуы мүмкін.
Еске сала кетсек, тамыз айында өткен алғашқы іріктеу кезеңіне елдің барлық өңірінен оқушылар қатысып, нәтижесінде 10 үздік финалист анықталып, соңғы кезеңге жолдама алған болатын.
«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ қызметкерлері мемлекеттік наградаларға ие болды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 8 тамыздағы № 956 Жарлығына сәйкес «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ қызметкерлері саланы дамытуға қосқан елеулі үлесі және адал еңбегі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды.
– «Құрмет» орденімен «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Шамбулов Ұлықбек Қадыржанович марапатталды.
– «Ерен еңбегі үшін» медалімен Зиянды кодты зерттеу орталығының басшысы Дюсекеев Асқар Мұқанович марапатталды.
«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ әріптестерін лайықты марапаттарымен құттықтап, кәсіби қызметінде табыс тілейді.
«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ әріптестерін лайықты марапаттарымен құттықтап, кәсіби қызметінде табыс тілейді.
KazHackStan 2025: өңірдің басты киберконференциясы хакерлерді, бизнесті және мемлекеттік құрылымдарды бір алаңға жинайды
«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Орталық Азиядағы киберқауіпсіздік бойынша ең ірі тәжірибелік конференция — KazHackStan 2025-тің ақпараттық серіктесі болады.
Биылғы шара 17–19 қыркүйек аралығында Алматы қаласында, SADU ARENA-да өтеді және Zero Day тақырыбына арналады. Zero Day — бұл осалдық жүйенің ішінде болғанымен, ешкім әлі білмейтін күн. Мұндай қауіп түрі киберқылмыскерлерге энергетика, көлік, байланыс сияқты ең маңызды инфрақұрылымдарға көзге түспей еніп, ұзақ уақыт бойы анықталмай тұруға мүмкіндік береді. Мұндай шабуылдар кенеттен және жойқын болады. Алдын ала қорғану мүмкін емес, себебі әлсіз тұс әлі анықталмаған.
Конференция аясында «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ басқарма төрағасы Жүнісбек Асқар Рахымбайұлы қатысып, негізгі сын-қатерлер мен ұлттық киберқорғаныс жүйесін дамыту перспективалары жөніндегі өз көзқарасымен бөліседі.
KazHackStan 2025 — аймақтағы жетінші рет өтетін ең ірі киберконференция. Ол мемлекеттік органдарды, бизнесті, сарапшылар қауымдастығын және хакерлерді бір алаңда тоғыстырады. Шараға Қазақстаннан, ТМД, Еуропа, Азия және АҚШ елдерінен 6000-нан астам қатысушы мен 65-тен аса спикердің келуі күтіледі.
Конференция бағдарламасы:
Day 1 – GOVERNMENT & BUSINESS DAY: саясат, реттеу, деректердің таралуы бойынша жағдайлар және киберқорғаныстағы сындарлы қателер.
Day 2 – SECURE DEVELOPMENT DAY: қауіпсіз әзірлеудің үздік тәжірибелері, ЖИ мен бұлтты технологиялар жағдайындағы қорғаныс.
Day 3 – HACK DAY: шабуылдардың тікелей көрсетілімі, Red Team vs Blue Team, ең ірі хакерлік жарыс CyberKumbez финалы.
Шараны TSARKA Group ҚР ЦДИАӨМ-нің Киберқорғаныс орталығымен бірлесіп.
Толығырақ бағдарлама туралы ақпарат: kazhackstan.com
Ұсыныстар сымсыз инфрақұрылымның қауіпсіздігін арттыру үшін
Сымсыз желілерге қосылған цифрлық құрылғыларды (мысалы, таспалар, электронды кезектер, ақпараттық панельдер, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары, интерактивті дүңгіршектер және медиа экрандар) кеңінен қолдану арқылы жеке бизнес инфрақұрылымының киберқауіптерге осалдығы айтарлықтай өсті.
Бұл құрылғылардың жұмысында зиянкестер туындаған ақаулар кәсіпкерлер үшін қаржылық ғана емес, сонымен қатар имиджді жоғалтуға әкелуі мүмкін. Жабдықтың беделін түсіруге немесе уақытша өшіруге бағытталған бұзақылық бұзу жағдайлары әсіресе өзекті болуда.
Осыған байланысты, жеке кәсіпкерлік нысандарының сымсыз инфрақұрылымының қауіпсіздігін арттыру және рұқсат етілмеген қол жеткізу тәуекелдерін азайту мақсатында келесі техникалық және ұйымдастырушылық шараларды жүзеге асыру ұсынылады:
• WPA3 протоколы арқылы сымсыз желіні конфигурациялаңыз. Оны пайдалану мүмкін болмаса, TKIP алгоритмі өшірілген күйде WPA2 пайдаланыңыз. WEP, WPA және WPA2-PSK сияқты ескірген және осал шифрлау протоколдарын пайдалануға тыйым салу. • Жабдық түрі немесе оның иесі туралы ақпаратты қамтымайтын бірегей SSID атауын орнатыңыз.
• Желіге қосылған уақыт пен құрылғыларды бақылау үшін қосылым журналын қосу.
• Рұқсат етілген MAC мекенжайларының тізімдерін пайдаланып құрылғы қосылымдарын шектеңіз немесе сандық сертификаттар негізінде аутентификацияны енгізіңіз.
• Желідегі және басқару жабдығындағы, соның ішінде медиа ойнатқыштары мен контроллерлеріндегі зауыттық логиндер мен құпия сөздерді өзгертіңіз.
• Қарапайым және стандартты құпия сөздерді пайдаланбаңыз (мысалы, admin / admin немесе 12345678). Күрделі құпия сөздерді қолдануды жүзеге асыру (кемінде 12 таңба, оның ішінде әр түрлі жағдайда әріптер, сандар және арнайы таңбалар) және олардың мерзімді жаңартылуын реттеу.
• Жабдыққа физикалық қол жеткізуді шектеңіз, модульдер мен кабельдерді қол жетпейтін жерлерге орнатыңыз, мысалы, шкафта немесе жабық қорапта.
• Рұқсат етілмеген қосылымдарды болдырмау үшін пайдаланылмаған физикалық порттарды (USB, Ethernet) блоктаңыз.
• «Қалпына келтіру» және «Қуат» түймелеріне кіруді шектеңіз. Қуат көздерін жабық және қорғалған техникалық бөлмелерге орналастырыңыз.
• Маршрутизаторлар, кіру нүктелері, жарық диодты экран контроллері және басқа желі құрамдастары үшін микробағдарламаны жүйелі түрде жаңартуды қамтамасыз етіңіз.
• Ағымдағы протоколдар мен қауіпсіздік механизмдерін қолдамайтын ескірген жабдық үлгілерін пайдаланбаңыз.
Осы ұсыныстарды орындау сымсыз инфрақұрылымның сыртқы қауіптерге төзімділігін арттырып, сыртқы цифрлық шешімдердің сенімді жұмысын қамтамасыз ете алады.
Значимые уязвимости АСУ ТП (ICS), выявленные в первом квартале 2025 года
АСУ ТП жүйелеріндегі осалдықтарға әлемдік шолу
Цифрлық технологиялар мен өндірістік процестерді автоматтандырудың қарқынды дамуы жағдайында технологиялық процестерді басқару жүйелері (АСУ ТП) Қазақстанның энергетика, мұнай-газ саласы және өнеркәсіптік өндіріс сияқты сыни инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл жүйелер нысандардың тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді, алайда олардың күрделілігі мен өзара байланыстылығы оларды киберқатерлер үшін тартымды нысанаға айналдырады. Автоматтандырылған шешімдерге тәуелділіктің артуымен бірге аса маңызды жүйелердің жұмысын бұзуға қабілетті осалдықтарды пайдалану қаупі де өсуде.
2025 жылдың бірінші тоқсанында Siemens, Schneider Electric және Rockwell Automation сияқты ірі өндірушілердің жабдықтары мен бағдарламалық жасақтамасына қатысты маңызды осалдықтар анықталды. Бұл киберқауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлудің қажеттілігін көрсетеді. Аталған осалдықтар сыни инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздігіне қауіп төндіреді, сондықтан оларды дер кезінде жою және қорғаныс шараларын енгізу технологиялық процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етудің басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Төменде 2025 жылдың бірінші тоқсанында анықталған негізгі осалдықтарға шолу берілген. Мұнда жүйелердің сипаттамасы, түрі мен қауіптілік деңгейі, ықтимал салдары және жою бойынша ұсыныстар қамтылған.
Siemens Sinamics S200 (серво-жетектер)
Өндіруші: Siemens
CVE: CVE-2024-56336
Қамтылған жүйелердің түрі: Sinamics S200 серво-жетектері
Қауіптілік түрі мен деңгейі: микробағдарламаны жүктеушінің (bootloader) сындарлы осалдығы (CVSS 9.5)
Осалдықтың сипаттамасы: құлыпталмаған bootloader зиянкестерге құрылғыға физикалық немесе желілік қолжетімділік болған жағдайда зиянды кодты немесе рұқсатсыз бағдарламалық жасақтаманы жүктеуге мүмкіндік беруі мүмкін.
Жою бойынша ұсыныстар: Siemens компаниясы құрылғыларды қорғалған ІТ-ортада пайдалану үшін Siemens өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулығына (жүктеу: https://www.siemens.com/cert/operational-guidelines-industrial-security) сәйкес конфигурациялауды және өнім нұсқаулықтарындағы ұсыныстарды орындауды ұсынады.
Schneider Electric System Monitor (өнеркәсіптік ПК)
Өндіруші: Schneider Electric
Қамтылған жүйелердің түрі: Harmony және Pro-face өнеркәсіптік компьютерлері
Қауіптілік түрі мен деңгейі: тіркелгі деректерінің жария етілуінің сындарлы осалдығы (CVSS: 9.8)
Осалдықтың сипаттамасы: арнайы HTTP-сұрауларын жіберу кезінде құпия ақпараттың жария етілуі, бұл зиянкестерге авторизациядан өтпей-ақ тіркелгі деректерін алуға мүмкіндік беруі мүмкін.
Жою бойынша ұсыныстар:
-
System Monitor қолданбасын пайдаланылмаса, оны Harmony Industrial PC Series User Manual және Pro-face PS5000 legacy industrial PC Series User Manual нұсқаулықтарына сәйкес қызметтерді тоқтату арқылы өшіру немесе жою;
-
желіні сегменттеу және HTTP/HTTPS-порттарға рұқсатсыз қолжетімділікті бұғаттау үшін брандмауэрді баптау.
Schneider Electric PLC Modicon M580 және BMENOR2200H модулі
Өндіруші: Schneider Electric
CVE: CVE-2024-11425
Қамтылған жүйелердің түрі: Modicon M580 бағдарламаланатын логикалық контроллері және BMENOR2200H модулі
Қауіптілік түрі мен деңгейі: буфер өлшемін дұрыс есептемеудің жоғары осалдығы (CVSS 8.7)
Осалдықтың сипаттамасы: контроллердің веб-серверіндегі буфер өлшемін қате есептеу осалдығы арнайы құрылған HTTPS-пакет жіберу арқылы DoS-шабуылын (қызмет көрсетуден бас тарту) бастауға мүмкіндік беруі мүмкін.
Жою бойынша ұсыныстар:
-
микробағдарламаны түзетілген нұсқаларға жаңарту (стандартты модельдер үшін SV4.30, қауіпсіз модельдер үшін SV4.21, EVLink Pro AC зарядтау станциялары үшін 1.3.10 нұсқасы);
-
контроллерлерге желілік қолжетімділікті шектеу, әсіресе 443/TCP портына сыртқы қолжетімділікті жабу.
Rockwell Automation FactoryTalk AssetCentre
Өндіруші: Rockwell Automation
CVE: CVE-2025-0477
Қамтылған жүйелердің түрі: FactoryTalk AssetCentre активтерін басқару жүйесі
Қауіптілік түрі мен деңгейі: криптографиялық қорғаудың сындарлы осалдығы (CVSS 9.3)
Осалдықтың сипаттамасы: 15.00.01 нұсқасына дейінгі қолданылған деректердің жеткіліксіз криптографиялық қорғалуы зиянкестерге шифрланған деректерден пайдаланушы парольдерін алу және артық құқықтарды иелену (эскалация) мүмкіндігін береді.
Жою бойынша ұсыныстар:
-
FactoryTalk AssetCentre жүйесін 15.00.01 немесе одан да жаңа нұсқаға жаңарту;
-
шифрланған деректер сақталатын дерекқорға қолжетімділікті негізгі емес пайдаланушылар үшін шектеу;
-
дерекқорға қолжетімділікті ең төменгі құқықтар принципі бойынша шектеу.