Логотип Государственной Технической Службы
Мемлекеттік 
техникалық қызмет

Зиянды бағдарламаларды талдау

Зиянды кодты зерттеу зертханасының базасында зиянды және күдікті объектілерді (файл, код және т.б.) зерттеу жүргізіледі.

Зиянды объектіні зерттеудің мақсаты бағдарламалық кодтағы зиянды функционалды анықтау, оның мүмкіндіктерін айқындау және жетілдірілген статикалық және компрометация индикаторларын динамикалық талдау әдістерінің комбинациясымен реверс-инжениринг көмегімен кодты шығарып алу болып табылады.

Зерттеу аяқталғаннан кейін зерттелген объектіні, бағдарлама жұмысының алгоритмін, негізгі сипаттамаларын, компрометация индикаторларын, сондай-ақ оны анықтау және бейтараптандыру бойынша ұсынымдарды егжей-тегжейлі сипаттайтын есеп қалыптастырылады. 

 

Есеп үлгісі

 

Сонымен қатар, сарапшылар сіздің мамандарыңызға осы бағыт бойынша оқыту және тәлімгерлік жүргізе алады. Тиісті бөлімде толығырақ танысуға болады (ссылка).

 

Зиянды бағдарламаларды талдау бойынша қызметке тапсырыс беру үшін келесі телефонға хабарласуға болады: (7172) 55-99-99 қосымша 522 E-mail: a_dyussekeyev@sts.kz