Логотип Государственной Технической Службы
Мемлекеттік 
техникалық қызмет

Инвестициялық ұсыныстың

«Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамы  «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы
1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес
инвестициялық ұсыныстың, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізеді.

Инвестициялық ұсыныстың, бюджеттік инвестициялардың қаржылық - экономикалық негіздемесінің және техникалық тапсырманың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу - бұл сараптама жүргізу сәтінде «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісінің  ұйымдастырушылық, архитектуралық және бағдарламалық - техникалық шешімдерінің Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы ақпараттық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың талаптарына және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісінің қорғалу жай-күйіне әсер етуге қабілетті басқа талаптарға сәйкестігін бағалау бойынша жұмыстар кешені.