Қорғалған IT-инфрақұрылымды құру
Курстың мақсаты: Қорғалған корпоративтік инфрақұрылымды құру және қолдаудың базалық принциптері бойынша практикалық түсінік беру: жұмыс станцияларын және домен контроллерлерін қорғау, топтық саясаттар мен лог жүргізуді баптау (DevOps практикасы), сондай-ақ коммутацияны, маршрутизацияны және қолданбалы сервистерді қорғау (NetSec практикасы). Формат — офлайн, басымдық қарапайым зертханалық тапсырмалар арқылы практикалық бекітуге беріледі. Бұл тапсырмаларды жеке ноутбукта Oracle VirtualBox және/немесе Cisco Packet Tracer арқылы орындауға болады.
Курс келесі модульдерді қамтиды:
· NetSec (коммутация, маршрутизация, NGFW/WAF, SandBox)
· DevOps (Active Directory, GPO, лог жүргізу, қолжетімділікті басқару)
· NetSec (интеграция, логтарды орталықтандырылған жинау, мониторинг, инцидентті талдау)
Форма связи
Другие курсы
Все курсы
CYBER SHIELD CERTIFIED PENTESTER
Курстың мақсаты: CSCP — операциялық жүйелердің негіздерінен бастап уязвимдіктерді пайдалануға және веб-қосымшаларды тестілеуге дейінгі кең ауқымды тақырыптарды қамтитын кешенді оқу жүйесі. Курс этикалық хакерлік пен киберқауіпсіздік саласында алғашқы қадамдарын жасайтындар үшін әзірленген. Ол техникалық базаны қалыптастыруға және пентестер мамандығының практикалық аспектілерімен танысуға көмектеседі.
Курс келесі модульдерді қамтиды:
· Windows және Linux операциялық жүйелерінің негіздері
· Пентестер құралдары
· Ақпарат жинау әдістері және OSINT
· Веб-қосымшаларды тестілеу және OWASP Top 10 уязвимдіктері
· Платформадағы практикалық зертханалық тапсырмалар
Подробнее
CYBERSHIELD CERTIFIED MALWARE ANALYST
Курстың мақсаты: Киберқауіпсіздік саласындағы мамандарды SOC құрамында практикалық жұмысқа бейімдей отырып даярлауға арналған интенсивті білім беру бағдарламасы. Бағдарлама заңнама мен инциденттерге әрекет етуден бастап, зиянды кодты талдау, форензика және SIEM жүйелерімен жұмыс істеуге дейінгі негізгі бағыттарды қамтиды.
Курс келесі модульдерді қамтиды:
· Зиянды бағдарламаларды талдауға кіріспе және жұмыс ортасын баптау
· Базалық статикалық және динамикалық талдау
· Кеңейтілген статикалық талдау
· Кеңейтілген динамикалық талдау
· Зиянды файлдардың белсенділігін жасыру техникалары
· Пакерлермен жұмыс
· Зиянды файлдарды талдауға қарсы қолданылатын әдістер
Подробнее