Ойынды смартфонға жүктегеннен кейін, сіз ақшасыз және тіпті смартфонсыз қала аласыз. Бұл қалай болады және оны қалай қорғауға болады, біз бүгін мақалада талқылаймыз.
Бүгінгі шолуда біз Android операциялық жүйесінде жұмыс істейтін смартфондар туралы сөйлесетін боламыз.
Бұл мақаланың өзектілігі Android операциялық жүйесінің (ОЖ) пайдаланушыларында тек ресми дүкендерден (Play Market, Google Play, AppGallery, Samsung Galaxy Store және т.б.) ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз емес және әртүрлі қауіп-қатерлерге ие басқа көздерден қосымшалар мен ойындарды орнату мүмкіндігі бар екендігіне байланысты. Сондықтан әртүрлі белгісіз көздерден файлдар мен ойындарды жүктеу және орнату ұсынылмайды.
Бейресми және тексерілмеген көздерден орнату Сіздердің дербес деректеріңіздің таралып кету қаупін тудырады, Сіздердің интернет-банкингіңіздің қосымшаларына қолжетімділік, SMS-хабарламаларды есептеу, сондай-ақ, Сіздердің смартфоныңыз бот-желілердің бір бөлігі бола алады және оны зиянкестер түрлі кибершабуылдарды, спам-жіберілімдерді, рұқсат етілмеген қоңырауларды және басқаларды жүзеге асыру үшін пайдалана алады.
Сонымен, осындай кибершабуылдардан қалай қорғануға болады?
1. Белгісіз көздерден орнатуды өшіріңіздер.
Кездейсоқ орнатудан қорғау үшін белгісіз көздерден бағдарламаларды орнату мүмкіндігі өшірілгеніне көз жеткізіңіздер. Әдетте, ол әдепкі бойынша өшірілген, бірақ оны тексерген дұрыс.
Android 4.0 және одан жоғары нұсқаларында Қауіпсіздік баптаулары бөліміне өтіп, белгісіз көздердің өшірілгеніне көз жеткізу керек.
Android–тің алдыңғы нұсқаларында Баптаулар – Қосымшалар баптауларын басып, Белгісіз көздер пунктінде құсбелгі қойылғаның қараңыздар.
! Әкімшінің құқықтарын алу үшін қосымшаның сұрауы маңызды дабыл болуы мүмкін. Осылайша, қосымшаның иесі смартфонға қашықтан қол жеткізу құқығына ие болады, бұл жоғарыда аталған тәуекелдерді тудырады.
2. Вирусқа қарсы қосымшаны орнату.
Жақсы вирусқа қарсы бағдарлама Сіздердің смартфонды тек сайттарда ғана емес, сонымен қатар әртүрлі көздерден жүктелген қосымшаларда да жасыруға болатын бопсалау-бағдарламаларынан және басқа киберқауіптерден қорғауға қабілетті. Егер Сіздер күдікті сілтемені байқаусызда бассаңыздар, жалған қосымшаны жүктеп алсаңыздар немесе жалған қосымшаны орнатып көрсеңіздер, вирусқа қарсы бағдарлама вирусты карантинге салып, смартфонды зақымдауға жол бермейді.
! Вирусқа қарсы қорғаныс тек дербес компьютерлер үшін ғана шығарылмайды.
3. Операциялық жүйені үнемі жаңартып отыру.
Барлық Android ОЖ жаңартуларын орнатыңыздар, өйткені олардың көпшілігі қауіпсіздікке қатысты. Әрине, Android ОЖ-мен смартфондарға арналған жаңартулар көбінесе ұзақ уақыт шығатындығымен танымал, сондықтан олардың қауіпсіздігі мәселелерінде Сіздер оларға ғана сене алмайсыздар, сондықтан вирусқа қарсы бағдарламаны орнатқан дұрыс.
4. Смартфонда сақталған барлық маңызды файлдардың сақтық көшірмесін жасау.
Сақтық көшірмелерді бұлтта, сыртқы қатты дискіде сақтауға немесе сыртқы сервисін пайдалануға болады.
Сақтық көшірмені іске қосу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
· Операциялық жүйенің баптаулар бөлімінен Google бөлімін табыңыздар.
· Әрі қарай, сақтық көшірме бөліміне өтіңіздер. Мұнда Сіздер көшіруді бастау батырмасын көресіздер. Оның астында Сіздердің есептік жазбаңызға сақталатын мәліметтер тізімі берілген. Оларға қоңыраулар журналы, хабарламалар, контактілер, Android баптаулары, фотосуреттер мен бейнелер, сондай-ақ, осы мүмкіндікті қолдайтын қосымша деректері кіреді.
· Көшіруді бастау батырмасын басып, процестің аяқталуын күтіңіздер.
Осылайша, Сіздер әлсін-әлсін смартфон деректерінің сақтық көшірмесін жасай аласыздар.
5. Қалқымалы терезелерден өте сақ болу.
Сайтқа кіру немесе онлайн ойын ойнау және баптауларды жаңарту немесе орнату туралы қалқымалы сұрау алу арқылы Сіздер жасай алатын ең жақсы нәрсе – қалқымалы терезені жабу.
! Әр түрлі қалқымалы терезелерден қорғау үшін браузерде AdBlock сияқты баптауларды қолдануды ұсынамыз.
6. Сілтемеге өтпес бұрын екі рет ойланыңыздар.
Фишинг – бұрынғысынша зиянды бағдарламаларды таратудың және дербес деректерді жинаудың ең танымал тәсілі. Смартфондарға, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге бағытталған фишингтік шабуылдарды қолдану жағдайларының саны артып келеді. Белгісіз көзден хабарламада немесе электрондық поштада алынған сілтемелерді баспаңыздар. Дереккөз таныс болса да, жалғастырмас бұрын жіберушінің мекенжайы мен сілтеме көзін мұқият оқып шығыңыздар. Егер бір нәрсе күмән тудырса, кез-келген әрекеттен аулақ болыңыздар.
7. Қауіпсіз DNS қолдану
Қауіпсіз DNS – бұл зиянды сайттарға, сондай-ақ, көруге болмайтын ресурстарға кіруді шектейтін ақысыз мазмұнды сүзу сервисі. Иесіне үйдегі барлық смартфондарды қорғауға немесе профильде түсінуге оңай дайын болу арқылы олар үшін жеке-жеке сүзуді таңдауға мүмкіндік береді. Егер сайт қауіпсіз DNS базасына енгізілсе, пайдаланушы бұл туралы хабарламаны көреді.
Бұл сервис «Ата-ана бақылауы» қызметіне ұқсас, бірақ басқалардан айырмашылығы мүлдем тегін. Кез-келген пайдаланушы бұл қызметті қоса алады, өйткені қосылым IT саласында арнайы білімді қажет етпейді.
Android негізіндегі смартфондарға арналған сервисті қосу белгілі бір смартфонда да, Wi-Fi желісінің көмегімен де мүмкін.
Смартфонда баптау үшін келесі әрекеттерді орындау керек: Қол жетімді желілер тізімінен Wi-Fi кіру нүктесін таңдаңыздар=> Баптаулар батырмасын басыңыздар => Қосымша пунктің таңдаңыздар => IP параметрлері бөлімінде осы пункті DHCP-ден Статикалыққа өзгертіңіздер=> DNS1 ретінде 91.214.42.211 енгізіңіздер => балама 91.214.42.212 DNS2.
Әрине, әр смартфонға қарағанда Wi-Fi желісінің кіру нүктесін бірден конфигурациялау біршама ыңғайлы болады. Ол үшін Wi-Fi кіру нүктесіндегі DHCP баптауларында қалаған DNS сервері ретінде 91.214.42.211, сонымен қатар балама ретінде 91.214.42.212 көрсету жеткілікті. Осылайша, қабылданған DNS баптаулары берілген Wi-Fi-ға қосылған смартфондар үшін автоматты түрде қабылданады.
Android-қа бағытталған зиянды бағдарламалар санының өсуі айтарлықтай қауіп төндіреді. Бірақ Сіздердің смартфондарыңыз үшін бұл қауіп ешқашан шындыққа айналмауға мүмкіндік бар екенін білу жағымды емес пе? Сіздерге тек кибергигиена ережелерін сақтау және тексерілген көздерден қосымшаларды орнату қажет.
Біздің ұсыныстарымызды қолдана отырып, Өздеріңіздің смартфондағы деректер мен ақшаларыңызды қорғаңыздар!