ҰБЖ
Жалпы мәліметтер
«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ «Киберқауіпсіздік туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі- «Киберқауіпсіздік туралы» Заң) 14-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес «Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне қол жеткізу құқықтарын әкімшілендіруді, оның жұмыс істеуін мониторингтеуді және киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады».
«Киберқауіпсіздік туралы» Заңның 30-1-бабының 5-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы бұйрығымен Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілді.
Нормативтік құқықтық актілер
1. «Киберқауіпсіздік туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V Қазақстан Республикасының Заңы.