Басты бет / Деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімі

Деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімі

Негізгі ақпарат

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі — Заң) 9-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін сүйемелдеуді жүзеге асырады.

2022 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілді.

Деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімі – деректерді беру желілерінің жария статикалық мекенжайлары, олардың түрлері мен санаттары, сондай-ақ олардың иеленушілері туралы мәліметтердің белгіленген нысандағы тізбесін қамтитын электрондық ақпараттық ресурс

Нормативтік құқықтық актілер

Кеңес алу үшін байланыстар


Деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімі бойынша «МТҚ» АҚ байланысты тұлғаларымен 1400 телефоны және e-mail: rsaspd@sts.kz электрондық пошта бойынша хабарласуға болады.