Компания Туралы
МТҚ — 2008 жылдан бері Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Қоғам қызметінің мақсаты
Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігі мен ақпараттық инфрақұрылымының ақпараттық қауіпсіздігін қалыптастыруға, қамтамасыз етуге және дамытуға жәрдемдесу.
Миссиясы
Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы озық технологияларды және сараптамалық білімді пайдалана отырып, қауіпсіз цифрлық кеңістікті құру.
Негізгі қызмет түрлері
Компания информатизация және ақпараттық қауіпсіздік салаларындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған келесі қызметтерді жүзеге асырады:
1) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және «электрондық үкімет» электрондық поштасының бірыңғай шлюзін қолдап отыруды;
2) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізу;
3) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне келісу;
4) жоғарғы деңгейдегі қазақстандық домендік аттарға қызмет көрсететін домендік аттар серверлерінің істен шығуға төзімділігін мониторингтеу;
5) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының телекоммуникациялар желілерін адрестеу және нөмірлеу жоспарларын әзірлеуді қолдап отыру;
6) ақпараттық жүйелердің және мемлекеттік органдардың телекоммуникациялар желілерінің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді анықтау, талдау және болғызбау бөлігінде ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу бойынша жұмыстар;
7) Ақпараттық қауіпсіздікті Ұлттық үйлестіру орталығының келесі міндеттерін және функцияларын іске асыру:
8) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелерінде ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне, иеленушілеріне және пайдаланушыларына жәрдемдесу;
9) ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі мәселелері бойынша ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
10) ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарының «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріндегі және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның басқа да аса маңызды объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратын жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асыру;
11) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық жүйесін техникалық қолдап отыруды жүзеге асыру;
12) ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтары мен Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы арасындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу тәртібін әзірлеуге қатысу;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізе отырып, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің, Интернеттің қазақстандық сегментінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, қорғалуы мен қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мониторингі мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
14) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының мониторингін жүзеге асыру;
15) Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электрондық ақпараттық ресурстарды сақтайдың бірыңғай ұлттық резервтік платформасын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарын резервтік көшірудің мерзімділігін белгілеу;
16) Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын мониторингтеу;
17) «электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздік қатерлері мен инциденттерін анықтау, тоқтату және зерттеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды жою немесе алдын алу бойынша ұсыныстар қалыптастыру;
18) «электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды үйлестіру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне жауап беру;
19) Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілері бойынша өзара іс-қимыл бағдарламасының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
20) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесін техникалық сүйемелдеу, сондай-ақ халықаралық түйісу нүктелерін, деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайлар тізілімін жүргізу;
21) Қазақстан аумағында байланыс операторларының интернет-трафик алмасу нүктелерін ұйымдастыру және техникалық сүйемелдеу, сондай-ақ байланыс операторларының желілерін интернет-трафик алмасу нүктесіне қосу;
22) Ақпараттық қауіпсіздік куәландыру орталығын ұйымдастыру және техникалық сүйемелдеу.