Басты бет / Ұлттық компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі
Ұлттық компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі

KZ-СЕRТ ұлттық компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі 2011 жылы «МТҚ» АҚ базасында құрылды.
Қызметтің құзыретіне:
- Интернеттің қазақстандық сегментінде АҚ қатерлерін/инциденттерін іздеу мен айқындау;
- Бірлескен іс-шараларды жүргізе отырып, АҚ қатерлеріне/инциденттеріне әрекет ету бойынша жұмыстарды үйлестіру;
- Қызметтің барлық өзара іс-қимыл жасау арналары бойынша ҚР азаматтарынан келіп түсетін АҚ қатерлері мен инциденттері мәселелері жөнінде тәуліктік консультациялық көмек көрсету – Telegram мессенджеріндегі чат, e-mail, Call-center 1400, cert.gov.kz сайтына жүгіну нысаны;
-
Пайдаланушыларды, интернет-ресурстардың иелерін, иенелушілерін, провайдерларды, байланыс операторларын, құқық қорғау органдарын, компьютерлік инциденттерге әрекет ету саласындағы шетелдік және халықаралық ұйымдарды олардың адрестік кеңістігінде тіркелген АҚ қатерлері/инциденттері туралы хабардар ету.