Басты бет / Интернет-трафик алмасу нүктелері

Интернет-трафик алмасу нүктелері

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Семей, Орал, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Петропавл және Өскемен қалаларында Интернет-трафик алмасу нүктелерін (ИТАН) сүйемелдеуді жүзеге асырады.

Жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасының тағы 3 өңірінде ИТАН өрістету жоспарлануда.

ИТАН мақсаттары:

  1. Интернет желісінің қазақстандық сегментінің максималды байланыстылығын қамтамасыз ету;
  2. Коммерциялық байланыс арналарын сатып алуға бюджет қаражаты шығындарын азайту және олардың жұмыс істеу сенімділігі мен тұрақтылығын арттыру үшін мемлекеттік органдардың ең кеңінен таралған ақпараттық жүйелерін трафик алмасу нүктелеріне қосуға мүмкіндік беру;
  3. Ішкі Интернет-ресурстар үшін Интернет трафик беру бағдарын қысқарту және жүктемені Қазақстан Республикасының қалалары бойынша бөліп, олардың қолжетімділігін арттыру.

Сүйемелдеу:

  1. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 Қазақстан Республикасының Заңына;
  2. «Қалааралық және халықаралық байланыс операторлары желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 65 бұйрығына;
  3. «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.