Басты бет / Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы

Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы

БҰҰ Халықаралық электр байланысы одағы 2021 жылы Киберқауіпсіздіктің жаһандық индексі жөніндегі есептің 4-басылымын жариялап, мұндағы рейтингіде Қазақстан 31-орынға дейін көтерілді (ТМД елдерінің арасында біздің ел Ресей Федерациясынан кейін 2-орында).


2019 жылы жарияланған 3-басылымның нәтижелері бойынша Қазақстан – 40 орында, 2017 жылы – 83 орында, ал 2015 жылы жарияланған рейтингтің бірінші басылымының нәтижелері бойынша жүздікке кірмегенін естеріңізге салайық.

Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының (бұдан әрі-АҚҰҮО) қызметкерлері Интернеттің қазақстандық сегментіндегі ақпараттық қауіпсіздік қатерлері мен инциденттерін айқындау бойынша қызметті тәуліктік режимде жүзеге асырады.АҚҰҮО халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық шеңберінде АҚ қатерлеріне/инциденттеріне әрекет ету және жою бойынша өзара іс-қимылды орнатты. АҚҰҮО 6 халықаралық бейінді ұйымның мүшесі болып табылады: FIRST, APWG, TF-CSIRT, OIC-CERT, CAMP және APCERT.

Франция (THALES), Ресей Федерациясы (Positive Technologies, Kaspersky Lab), Израиль (Check Point, INCD), БАӘ (aeCERT), Малайзия (Cyber Security Malaysia), Беларусь (БР Президенті жанындағы ЖТО), Түрікменстан, Бангладеш (BGD e-GOV CIRT), Қытай (CNCERT/CC), Болгария (CERT.BG), Грузия (CERT.GOV.GE), Индонезия (ID-CERT), Әзірбайжан (CERT.GOV.AZ), Өзбекстан (UZCERT), Молдова Республикасы (CERT-GOV-MD), Біріккен Араб Әмірліктері (aeCERT), Жапония (JPCERT/CC), Украина (CERT-UA) елдерінің 21 бейінді қызметтерімен Киберқауіпсіздік саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойлды.

Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарымен (бұдан әрі-АҚЖО) өзара іс-қимылды дамыту мақсатында АҚҰҮО өзара іс-қимылдың АҚ қатерлері мен инциденттеріне әрекет ету бөлігінде тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асырды, АҚҰҮО қызметімен таныстыру, АҚЖО қызметін лицензиялау мәселелері, АҚҰҮО веб-платформасын пайдалану және АҚЖО өз қызметін жүзеге асыратын басқа да мәселелер  шеңберінде  кездесулер өткізді.  

АҚҰҮО қызметкерлері 2021 жылғы желтоқсанда тыңдаушылар ретінде «SOC-Forum 2021» конференциясына қатысты. Іс-шараның қорытындылары бойынша SOC құру және оның жұмыс істеуіне қатысты тәжірибе алды.


АҚҰҮО 2021 жылғы қазанда САМР 6-ы жыл сайынғы кездесуіне қатысып, оның барысында АҚҰҮО қызметкерлері 30 жылдық Тәуелсіздік кезіндегі Қазақстан Республикасының  АҚ жай-күйі туралы бейнемен таныстырды. Сонымен қатар, бұл бейне 2021 жылғы қарашада САМР Өңірлік Форумында көрсетілді.


Сондай-ақ, АҚҰҮО қызметкерлерінің бірі 2021 жылда «Инфофорум» және «Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД)  ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі халықаралық сараптамалық форумы» халықаралық конференцияларына спикер ретінде қатысты.