Басты бет / Мемлекеттік органдардың ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына мониторинг жүргізу

Мемлекеттік органдардың ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына мониторинг жүргізу

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 7-4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес «Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамының (бұдан әрі-«МТҚ» АҚ) Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіруші орталығы (бұдан әрі-АҚҰҮО) Ақпараттық қауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығының (бұдан әрі-АҚМЖО) міндеттері мен функцияларын іске асырады. АҚМЖО, өз кезегінде, Заңның 7-8-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының мониторингін (бұдан әрі-АҚОМ) жүзеге асырады.


АҚОМ-ны 2019 жылғы желтоқсанда ақпаратты қорғау құралдары (бұдан әрі-АҚҚ) арқылы SOC форматында (АҚ жөніндегі іс-шараларды іске асырудың қорғау объектісіне қатысты АҚ оқиғаларын және АҚ инциденттерін мониторингтеудің орталықтандырылған үздіксіз процесі мен оларға жедел әрекет ету жүргізілетін форматы) іске қосу жүзеге асырылды. АҚОМ бойынша жұмыстардың шеңберінде «МТҚ» АҚ орталық мемлекеттік органдарды (бұдан әрі-ОМО) ілгерінді АҚҚ-мен жабдықтау жөніндегі іс-шараларға қатысқаны себепті ОМО ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын қорғаудың жоғары дәрежесіне қол жеткізілді. АҚОМ шеңберінде ОМО-ларды орталықтандырып АҚҚ-мен жабдықтау ОМО ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымындағы АҚ инциденттерін жедел айқындауға, ОМО жауапты тұлғаларын хабардар етуге (зиянды бағдарламалық қамтылымның таралуын болдырмау жөніндегі ұсынымдарды жібре отырып), АҚ инциденттеріне әрекет етуге, сондай-ақ ОМО-да АҚ саласындағы бірқатар проблемаларды айқындауға мүмкіндік берді.


2020 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде АҚОМ шеңберінде қайтадан тіркелген АҚ оқиғаларының саны 17% азайғанын, бұл айқындалған АҚ инциденттеріне әрекет ету деңгейі артып, жалпы ОМО-да АҚ байланысты жағдай біртіндеп жақсарып келетінін дәлелдейтінін атап көрсету қажет.