Басты бет / «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мониторингтеу

«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мониторингтеу

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң)
7-4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес «Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамының (бұдан әрі-«МТҚ» АҚ) Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіруші орталығы (бұдан әрі-АҚҰҮО) Ақпараттық қауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығының (бұдан әрі-АҚМЖО) міндеттері мен функцияларын іске асырады. АҚМЖО, өз кезегінде, Заңның
7-8-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес АҚҰҮО ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйесі арқылы “электрондық үкіметтің” ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін (бұдан әрі-АҚҚМ) жүзеге асырады.


АҚҚМ іске асырылуы АҚ оқиғаларын және АҚ инциденттерін айқындау арқылы ақпараттандыру объектілері меншік иелерінің және (немесе) иеленушілерінің «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің (бұдан әрі – ЭҮ АО) ақпараттық қауіпсіздігін (бұдан әрі – АҚ) қамтамасыз ету жөніндегі техникалық және ұйымдастырушылық іс-шараларды іске асыру толықтығы мен сапасын қадағалауға бағытталғын.


АҚҚМ бойынша жұмыстардың шеңберінде «МТҚ» АҚ тұрақты негізде ЭҮ АО қорғалуын зерттеп-қарауды жүргізеді.


Зерттеп-қарау нәтижелері бойынша айқындалған осалдықтарды жою жөнінде ұсынымдар жіберілетіні себепті 2020 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне қатысты осалдықтардың жойылу деңгейі 12% артып, бұл МО/ұйымдардың АҚ қамтамасыз ету деңгейінің жоғарылағанын дәлелдейді.


АҚҚМ шеңберінде жүргізілетін АҚ инциденттеріне әрекет етудің мониторингі нәтижелері бойынша 2020 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде тіркелген АҚ инциденттерінің саны 68% төмендегені байқалып, бұл ЭҮ АО қорғалу деңгейінің артқанын дәлелдейді.