Басты бет / «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу

«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу

«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізеді.

2018 жылдан бастап 2023 жылға дейін «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне («ЭҮ» АО) 450 астам сынақ жүргізілді.

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетімен жасалған шарт шеңберінде 2021-2022 жылдары 311 сараптама жүргізілді: 

  • 88 Инвестициялық ұсыныстың сараптамасы (ЖК);
  • 2 қаржылық-экономикалық негіздеме (ҚЭН);
  • 221 техникалық тапсырма (ТТ).