Басты бет / Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі
Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі
«МТҚ» АҚ Интернетке және (немесе) Интернетке шыға алатын байланыс желілеріне қол жеткізу кезінде телекоммуникациялар желілерін қорғауға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен – Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін (бұдан әрі-ИҚБШ) тиімді сүйемелдеуді қамтамасыз етеді және оның жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
ИҚБШ-ны пайдалану нәтижесінде осы жылдың басынан бастап мемлекеттік органдарға қатысты 50 миллионнан астам шабуыл бұғатталды.
ИҚБШ:
- желілік шабуылдарды айқындау мен бұғаттауға арналған басып енулерге жол бермеу жүйесін;
- әр түрлі, соның ішінде зиянды бағдарламалық қамтылым қалыптастыратын сұрау салуларды анықтауға және бақылауға мүмкіндік беретін қосымшалар деңгейіндегі желіаралық экрандау жүйесін;
- деректерге рұқсатсыз қолжетімділік алып, оларды түрлендіруге бағытталған веб-қосымшаларға шабуылдарды тіркеу мен бұғаттауға мүмкіндік беретін веб-қосымшаларды қорғаудың желіаралық экранын;
- оқшауланған қорғалған ортада («құмсалғышта») күрделі мақсатты шабуылдарды айқындауға арналған желілік «құмсалғышты»;
- ИҚБШ арқылы Интернетке қосылған телекоммуникация желілерін пайдаланушылардың интернет-ресурстарға (бұдан әрі-ИР) қолжетімділігін оларды санаттау арқылы шектеуге мүмкіндік беретін веб – фильтрлеуді;
- зиянкестердің ИР веб-парақшаларын түрлендіруі мен бұрмалауын автоматты айқындауға, сондай-ақ ИР бастапқы жай-күйіне дейін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін веб-парақшалардың рұқсатсыз өзгертулеріне мониторинг жүргізу құралын қамтиды.
Қазіргі уақытта ИҚБШ-ға меншікті байланыс арналары бар:
- «Қазақтелеком» АҚ;
- «Astel» АҚ;
- «Jusan Mobile»АҚ;
- «Транстелеком» АҚ;
- «TNS-plus» ЖШС;
- «SMARTNET» ЖШС;
- «КаР-Тел»ЖШС;
- «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС;
- «Казтелепорт» АҚ;
- «NLS ASTANA» ЖШС;
- «Алма Телекоммуникейшнс Казахстан» АҚ байланыс операторлары қосылған;
- «KAZOPTICLINK» ЖШС;
- «Сеть Казахстан» ЖШС;
- «ADICOM 2000» ЖШС.