19.09.2023

Басты бет / 2023 ЖЫЛҒЫ ТАМЫЗДАҒЫ ИНЦИДЕНТТЕРГЕ ШОЛУ

2023 ЖЫЛҒЫ ТАМЫЗДАҒЫ ИНЦИДЕНТТЕРГЕ ШОЛУ

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ ағымдағы жылдың тамыз айында кибершабуылдар санының айтарлықтай азайғанын хабарлайды. Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін (ИҚБШ) пайдалана отырып, бұғатталған кибершабуылдардың саны 13 млн. кибершабуылды құрады, бұл өткен аймен салыстырғанда 3,3 есе аз.

ҚР мемлекеттік органдарының, жергілікті атқарушы органдарының, квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарының желілерінде ботнеттің ең көп таралған түрлері andromeda.Botnet, Mozi.Botnet және Mariposa.Botnet  болды.

Айта кетейік, өткен аймен салыстырғанда зиянды бағдарламалық қамтылым  (ЗБҚ) түріндегі ақпараттық қауіпсіздік инциденттерінің саны 53,8%-ға азайды. Бұл ретте, ең көп саны жергілікті атқарушы органдарда және квазимемлекеттік секторда тіркелген.

         Егер сіз АҚ инцидентіне тап болсаңыз, 1400 (тәулік бойы) ақысыз нөмірі, telegram-бот @KZ_CERT_chat_bot сілтемесі бойынша немесе email: incident@cert.gov.kz хабарлауды сұраймыз.

Жаңалықтар