13.09.2023

Басты бет / АЛМАТЫДА KAZAKHSTAN TURAN ХАКЕРЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ

АЛМАТЫДА KAZAKHSTAN TURAN ХАКЕРЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ

Бүгін Алматыда KazHackStan Turan – Government & Business day киберқауіпсіздік бойынша жыл сайынғы практикалық конференцияның бірінші күні өтті.

 

Конференцияның бірінші күні мемлекеттік құрылымдар мен бизнес секторының киберқауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылына бағытталған талқылау мен практикалық шеберлік сабақтарына арналды.

 

Биыл Kazakhstan-ға 3000-нан астам адам келді. Конференция барысында әр елден 30-дан астам спикер сөз сөйлейді деп жоспарлануда.

 

Конференция АҚШ, NASA, Google және т.б. теңіз жаяу әскерлерін бұзу бойынша бапкер, сондай-ақ Голливудтың «Дикари», «Сноуден» фильмдерінің және «Мистер Робот» телехикаясының техникалық жетекшісі Ральф Эчемендианың «Хакер или Хакнутый?» баяндамасымен ашылды. Ральф бұзулар мен хакерлер туралы қате түсініктерді, сондай-ақ ұжымдық қауіпсіздік туралы сөз қозғалғанда білім мен хабардарлықтың маңыздылығын түсіндіріп өтті.

 

Сол күні «Қазақстан мен өңірде кибертұрақтылықты қамтамасыз ету» тақырыбында пленарлық сессия өтті, онда «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Жүнісбек сөз сөйледі.

 

Өз сөзінде «МТҚ» АҚ Басқарма Төрағасы мемлекеттік сектордағы ақпараттық қауіпсіздік саласын жақсарту үшін ұйымдасушылықтың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі қауымдастықтың құрылуын атап өтті.

 

«…Бүгінгі таңда киберқауіпсіздік сала болып қана қоймай, медицина сияқты тұтас бір ғылымға айналып отыр. Біз техникалық шешімдер ретінде жай ғана «дәрі-дәрмектерді жазып бермей», эпидемия басталуының алдын алуымыз керек …»

 

Сонымен қатар, ол Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарымен өзара іс-қимыл мәселесін атап өтті:

 

«…АҚЖО бір бөлігі лицензия алып, іс жүзінде АҚ-ны қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетпейді, бұл қарастырылып отырған саладағы бәсекелестіктің дамуына теріс әсер етеді. АҚҰҮО-ның АҚЖО-мен өзара әрекет ету статистикасы бүгінгі таңда АҚЖО көбісінің белсенділігі төмен екенін көрсетіп отыр…»

 

Конференция бағдарламасына панельдік сессиялар, отырыстар, киберқауіпсіздік бойынша үздік мамандардың және әлемнің жетекші «ой фабрикалары» сарапшыларының сөз сөйлеуі кіреді.

 

Конференцияның келесі екі күні бағдарламалық қамтылымды қауіпсіз әзірлеу принциптеріне, өзекті осалдықтарға және заманауи қорғаныс әдістеріне арналады. Киберполигонның қорытындысы 15 қыркүйекте жарияланады.

 

Бағдарлама мен спикерлер туралы толығырақ ақпаратты KazHackStan.com (https://kazhackstan.com/) ресми сайтынан алуға болады.

Жаңалықтар