18.05.2023

Басты бет / 2023 ЖЫЛҒЫ СӘУІРДЕГІ ИНЦИДЕНТТЕРГЕ ШОЛУ

2023 ЖЫЛҒЫ СӘУІРДЕГІ ИНЦИДЕНТТЕРГЕ ШОЛУ

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі (ИҚБШ) жабдығын пайдалана отырып, ағымдағы жылдың сәуір айында 11 575 961 кибершабуыл бұғатталғанын хабарлайды, бұл ағымдағы жылдың наурызымен салыстырғанда 27,7%-ға аз.

Интернеттің қазақстандық сегментіне АҚ қатерлері мен инциденттерінің болуы тұрғысынан мониторинг жүргізу барысында осалдықтар анықталды, олардың басым бөлігі білім беру секторына қатысты. Осы кезеңдегі ең көп тараған осалдық құпия ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізудің ықтимал тәуекелдерін тудыратын CWE-200: Exposure of Sensitive Information to an Unauthorized Actor осалдығы болды.

ИҚБШ жабдығының көмегімен ҚР мемлекеттік органдарының, жергілікті атқарушы органдарының, квазимемлекеттік және жеке секторларының желісінде ботнеттердің таралуына байланысты 620 ақпараттық қауіпсіздік инциденті тіркелді. Сәуір айында ботнеттің ең көп таралған түрлері Mozi.Botnet, Lethic.Botnet және njRAT.Botnet болды. Ботнеттердің көп саны жергілікті атқарушы органдарда тіркелгенін айта кету керек.

637 зиянды бағдарламалық қамтылымның таралу жағдайы тіркелді және өңделді, олардың көпшілігі ҚР жергілікті атқарушы органдарының желісінде тіркелді.

Егер сіз АҚ инцидентіне тап болсаңыз, 1400 (тәулік бойы) ақысыз нөмірі бойынша немесе https://www.cert.gov.kz/notify-incident сілтеме бойынша немесе email: incident@cert.gov.kz хабарлауды сұраймыз.

Жаңалықтар