6.02.2023

Басты бет / Egov жарты сағат бойы қолжетімсіз болды

Egov жарты сағат бойы қолжетімсіз болды

Қазақстандықтардың жеңілдікті автокредит беруге көптеген сұрау салулары Egov-тің қолжетімділігіне әсер еткені ықтимал.

Бүгін, 9:58-10:26 уақыт аралығында «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының мониторинг қызметі pki.gov.kz, gov.kz, elicense.kz сияқты және т.б. электрондық үкімет ресурстарының ішінара немесе толық қолжетімсіз болғанын тіркеді. Бұл кезеңде аталған ресурстарға кибершабуылдар тіркелген жоқ.

Мән-жайды анықтау үшін жүйелердің иеленушісі – «ҰАТ» АҚ хабардар етілді.

ИҚБШ және ИТАН жабдығы штаттық режимде жұмыс істеді. Сонымен бірге, «МТҚ» АҚ жабдығын (ИҚБШ, ИТАН) тексеру мен оның әсерін жоққа шығару мақсатында «ҰАТ» АҚ трафигі қысқа уақытқа резервтік арнаға ауыстырылды. Алайда, бұл нәтиже бермей, трафик негізгі арнаға қайтарылды.

Аталған іркіліс қазақстандықтар жеңілдікті автокредитке тіркелген кезеңде орын алғандықтан, autonesie.kz сайтында электрондық цифрлық қолтаңбаның сәйкестілігін тексеру нәтижесінде іркіліс «ҰАТ» АҚ байланыс арналарына жүктеменің күрт артуына байланысты екенін жоққа шығармаймыз.

Қазіргі уақытта ресурстар штаттық режимде жұмыс істейді.

Жаңалықтар