18.11.2022

Басты бет / ДЕРЕКТЕРДІ БЕРУДІҢ СТАТИКАЛЫҚ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ БІР РЕСУРСТА ҚОЛЖЕТІМДІ

ДЕРЕКТЕРДІ БЕРУДІҢ СТАТИКАЛЫҚ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ БІР РЕСУРСТА ҚОЛЖЕТІМДІ

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ («МТҚ» АҚ) sts.kz ресми сайтындағы жаңа бөлім туралы хабарлайды.
«Деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімі» (ДБЖСМТ) деген жаңа бөлім сайттың басты бетінде оң жақ төменгі бұрышта орналастырылған.
ДБЖСМТ – бұл деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайлары, олардың түрлері мен санаттары, сондай-ақ олардың иеленушілері туралы мәліметтердің белгіленген нысандағы тізбесін қамтитын электрондық ақпараттық ресурс.
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабы
1-тармағының 1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 28 қазандағы № 400/НҚ бұйрығымен бекітілген Деректерді беру желілерінің статикалық мекенжайларының тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес ДБЖСМТ қолдап отыруды «МТҚ» АҚ жүзеге асырады.

Бұйрық ағымдағы жылғы 18 қарашадан бастап күшіне енеді.
Консультациялар алу үшін байланыстар: 1400, e-mail: rsaspd@sts.kz

Жаңалықтар