20.10.2022

Басты бет / KAZAKHSTAN SECURITY SYSTEMS IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

KAZAKHSTAN SECURITY SYSTEMS IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Ағымдағы жылдың 19-20 қазан аралығында Астанада Kazakhstan Security Systems IV Халықаралық конференциясы өтті.

 

«Cyber & Digital Security» сессиясы шеңберінде спикер ретінде «Кибер алаяқтық трендтері және дербес деректерді қорғау әдістері» тақырыбында «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ («МТҚ» АҚ) Басқарма Төрағасының орынбасары Ұлықбек Қадыржанұлы Шамбулов сөз сөйлеп, тыңдаушыларды «МТҚ» АҚ-ның электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді тексеру бөлігіндегі қызметімен таныстырды.

 

Сондай-ақ, Ұлықбек Шамбулов алаяқтық схемалардың жиілеп кеткенін хабарлады. Азаматтарды сендіру үшін алаяқтар танымал компаниялар мен банктердің, жаңалықтар порталдарының логотиптерін пайдаланады, сондай-ақ белгілі тұлғалардың есімдерін атайды.

 

Конференцияға қатысушылар Интернет пайдаланушыларының дербес деректерін жинауға арналған фишингтік Интернет-ресурстарға қатысты жүргізілген әрекет ету жұмыстары жөніндегі деректермен танысты.

 

Баяндамадан: «Ағымдағы жылдың басынан бастап 1 237 сілтемеге талдау жүргізілді, 96% сілтемеде фишингтік нысандар анықталды, олар 1192. Нәтижесінде 964 кейіс тіркелді. Еліктеме түрлері бойынша Қазақстанның Екінші деңгейдегі банктерін еліктеу (306 кейс); Интернет-ресурстардың клондары (244); ұтыс ойындары мен лотереялар (150); сауалнамалар мен дауыс берулер (141) көшті бастап тұр”.

 

Өз сөзін қорытындылай келе, спикер белгіленген талаптарды бұзу компаниялардың орны толмас беделіне нұқсан келтіретінін атап өтті.

 

Kazakhstan Security Systems – әлеуетті клиенттермен және реттеушілермен жеке байланыс орнатуға арналған Орталық Азиядағы кәсіби іскерлік алаң. Бұл қатысушылардың B2C және B2B кездесулеріне мүмкіндігі бар жалғыз мамандандырылған конгрестік іс-шара және көрме.

Жаңалықтар