6.10.2022

Басты бет / КИБЕРҚАЛҚАН КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ ЖӘНЕ 20 МЛН-ға ЖАҚЫН ШАБУЫЛДАРҒА ТОЙТАРЫС БЕРДІ

КИБЕРҚАЛҚАН КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ ЖӘНЕ 20 МЛН-ға ЖАҚЫН ШАБУЫЛДАРҒА ТОЙТАРЫС БЕРДІ

Бұған дейін хабарланғандай, «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ («МТҚ» АҚ) «Киберқалқан» кешенінің қорғау құралдарымен кибершабуылдарды тойтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Бүгінгі күні қатерлерді барынша азайту үшін барлық желілік трафикті нақты уақыт режимінде талдау бойынша жұмыстар жүргізіліп, әрбір пакет тексеріліп жатыр. Киберқалқан зиянды трафик пен зиянды бағдарламалық қамтылымдарды фильтрлеп, ішкі және сыртқы периметрдің шабуылдарына тойтарыс беруде. Бір айдың ішінде ғана шамамен 20 млн кибершабуылдар тойтарылды.

 

«МТҚ» АҚ кибершабуылдар Қазақстанда бастау алған сайлау кезеңіне байланысты деп ұйғаруда. Мұндай шабуылдардың негізгі мақсаты Казнет инфрақұрылымының жұмысын жаппай бұзу болу мүмкіндігін – Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан болатын.

 

«Белгілі сыртқы күштер осылайша біздің елімізде тәртіпсіздік туғызуға ниетті. Олар Қазақстандағы оң өзгерістерге кедергі жасамақшы. Алайда біз таңдаған бағытымыздан таймаймыз», – деп атап көрсетті Елбасы.

 

DDoS-шабуылдар үшін барлық әлем бойынша бөлініп орналастырылуы мүмкін зақымдалған компьютерлер мен IoT-құрылғылардың ботнеттер деп аталатын желілері пайдаланылғанын атап өтейік.

 

Қазргі уақытта Киберқалқан күшейтілген режимде жұмыс істеуді.

 

Анықтама: DDoS-шабуыл — нақты интернет-ресурсқа немесе Интернеттің сегментіне ретсіз сұрау салулар түрінде арнайы бағытталған трафиктің көлемді ағыны. Шабуылдың нәтижесінде Интернетке қол жеткізу қиындатылады (интернет-сервистердің жұмысында кідірулер болуы ықтимал) немесе оның жұмысы мүлдем тоқтатылады.

Жаңалықтар