25.09.2022

Басты бет / МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАМА

МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАМА

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Интернеттің қазақстандық сегментіне жасалынып отырған ауқымды DDoS-шабуылдарды тіркейді, бұл байланыс операторларының магистральдық арналарында жүктеменің өсуіне әкеледі. Қазіргі уақытта «МТҚ» АҚ байланыс операторларымен бірлесіп, маршруттарды оңтайландыру бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуде, бұл кейбір сыртқы Интернет-ресурстарға қол жеткізу жылдамдығының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Қазіргі уақытта DDoS-шабуылдары бірнеше шетелдік көздерден жасалынып жатқаны анықталды. Мұндай шабуылдар басқа аймақтарда да тіркелді. Тиісті техникалық бөлімшелер осы шабуылдардың ықтимал байланысын анықтау үстінде.

Жаңалықтар