6.09.2022

Басты бет / «МТҚ» АҚ қызметкерлері Қостанай облысында өрттерден зардап шеккендерге қолдау көрсетті

«МТҚ» АҚ қызметкерлері Қостанай облысында өрттерден зардап шеккендерге қолдау көрсетті

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ қызметкерлері Қостанай облысында өрттерден зардап шеккен тұрғындарды қолдау үшін біркүндік еңбекақысын  аударды.

 

Біздің отандастарымыз ауыр жағдайды бастан кешті. Тұрғындар баспаналарынан айырылды, елді мекендер шығынға ұшырады, өкінішке орай, бір адам қаза болды. Сондықтан, табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету біздің азаматтық борышымыз деп санаймыз.

 

БАҚ ақпараты бойынша, облыстың 106 мың гектар орман қорының өртенген жалпы алаңы  бүгінгі күні – 43 мыңнан астам.

 

«МТҚ» АҚ қаза тапқанның туыс-туғандарының қайғысына ортақтастығын білдіреді және барлық зардап шеккендердің тез арада қалпына келуіне тілектес.

Жаңалықтар